Былтыр омбудсменге жүгінушілер саны 1,5 есе көбейген
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады.Президентке азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіру және қорғау жөніндегі жылдық есеп берілді. Артур Ластаев: аумақтық өкілдердің толықтай іске кіріскені жайында мәлімет берді;былтыр Омбудсменнің атына 5 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есе көп екенін айтты;Ұлттық превентивті механизмнің жұмысы, заңнаманы жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты, құқық қорғау ұйымдарымен және азаматтық қоғаммен өзара ықпалдастықты жандандыру мәселелері туралы баяндады:➤ атап айтқанда, азаптаулардың алдын алу үшін оқшаулау мекемелерінде мыңнан астам кездесу өткізілген;➤ азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша 3,5 мыңнан аса ұсыным берілген, 275 лауазымды тұлға ж…


