Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Талдықорғанда бүлдіршін пәтердің есігін ішінен іліп, қамалып қалған

Талдықорғанда төтенше жағдай қызметінің мамандары 4 жасар баланы құтқарды. 
undefined
Оқиға қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Ересектердің қарауынсыз қалған бүлдіршін бесінші қабаттағы пәтерде қамалып қалады. 

"Құтқарушылар балкон арқылы арнайы жабдықтың көмегімен пәтерге кіріп, есікті аша алды. Құтқарушылардың үйлестірілген әрекеттерінің нәтижесінде бала ата-анасына аман-есен берілді. Бала зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке мұқтаж емес", - деп жазады t.me/qr_tjm.

0
0
431

"Шымкентте шашлық арзан дейсіздер". Қала маңынан есек бордақылап, соятын орын табылды

Шымкентте есек бағып, оны тіпті бордақылап, соятын орын әшкере болған. Бұл туралы белгілі журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желіде жазды.

undefined

"Шымкентте шашлық арзан дейсіздер. Сол арзан кәуаптан қорқа бастадым. Себебі Шымкентте жүз шақты есек бағып, бордақылап етін базарда сатқан есекші (малшы деген сияқты ғой) анықталыпты. Алайда арам еттен ақша тапқан азамат оны Шымкентке емес Қытайға өткіземін деп ақталған көрінеді. Мына ақпарат рас болса масқара. Қара жұмысқа жегілмеген жас қодықтың еті тіске жұмсақ болады деуші еді. Шымқаланың арзан әрі дәмді шашлыгы сол есектің етінен дайындалып жатқан жоқ па?" - деп жазады Диас Нұрақын.

0
0
275

«Бұған не себеп?» Мешіттегі төбелестің видеосы тарады  

Әлеуметтік желіге мешіттегі төбелестің бейнежазбасы жарияланды.Бұл видеоның Түркістан облысының Сарыағаш қаласындағы бір мешітте түсірілгені айтылып жатыр. Онда намаз оқылып жатқан кезде қатарда тұрған ер адам екіншісін маңдайдан ұрып құлатады. Онымен қоймай, төбелес ары қарай жалғасып кетеді.  Желі қолданушылары арасында «бұған не себеп?» деген сұрақ бойынша пікірталас туындап жатыр. Соның біразын төменде келтірдік:«Шамамен имам «әуминді» іштен айтыңдар» деген. Бірақ ана кісі оны дауыстап айтқан. Ұрған адам соған шыдай алмады. Намазда тыныш тұрасың. Сол кезде «әмиииин» деп айқайлап айтатындар бар ғой».«Енді сол үшін ұрған тым артық. Ақырын айтса да болады ғой».«Онда тұрған ештеңе жоқ, бауырым. Іштен айтса да , сырттан айтса да, діннен шықпайды!»«Намаз оқу – ол дұрыс. Алланың парызын…

0
0
464

Таразда өрт шыққан көпқабатты үйден 60 адам эвакуацияланды

Таразда полиция қызметкерлері өрт шыққан көпқабатты үйден 60 адамды эвакуациялады.Тараз тұрғындары полицейлер адамдарды өрттен құтқарған бейнероликтерді жарыса жариялауда. Кадрлардың бірінен полицейдің жарақаттанған аяғына қарамастан үй тұрғындарын эвакуациялауды жалғастырғанын көруге болады. “Ол аяғын қайырып алуы мүмкін”, “Ақсап тұрғанына қарамастан, ол жанып жатқан пәтерге жүгірді”, “Бәрекелді! Нағыз жігіт екен!”, казнет пайдаланушылары оны мадақтап, әртүрлі жылы сөздер айтуда.Белгілі болғандай, өрт шыққан пәтерде кәмелетке толмаған бес бала мен олардың анасы болған. Тұрғын үйден барлығы 60 адам эвакуацияланды. 2024 жылдың 13 мамырына қараған түні полиция департаментінің кезекші бөліміне қоңырау соққан әйел адам көрші пәтерде өрт басталғанын мазасыздана хабарлады. Көрсетілген мекен-жай…

0
0
276

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарды тезірек қалыпты өмірге қайта оралту керек - Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқыны жағдайы күн тәртібінен тыс қаралды.Вице-премьер Қанат Бозымбаев айтып өткендей, қазіргі таңда еліміздегі су тасқыны жағдайы тұрақтанып келеді. Осы аптада Атырау облысында су тасқынының шарықтау шегі болады деп болжанып отыр. Бүгінде Жайық өзеніндегі су деңгейі Индербор және Махамбет кенттеріндегі су бекеттеріндегі қауіпті белгілерден асып түсті. Қазіргі уақытта өңірде аумаққа топырақ үю, құм толтырылған қапшықтарды төсеу, топырақтан біліктер салу және су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.Еліміздің сегіз өңірінде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі сақталуда. Ақтөбе облысындағы екі елді мекенде әлі де көлік қатынасы жоқ. Тұрғындар азық-түлікпен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.Су ба…

0
0
328

Әйелін ұрып-соқты деп айыпталған дипломат қызметінен босатылды

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың қазіргі жағдайынан хабардар етті. Оның әйелі Карина күйеуінен жиі таяқ жейтінін айтып шағымданған еді.

undefined

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров дипломаттың сол әңгіме шыққанан кейін шұғыл түрде Қазақстанға шақырып алынғанын, министрлік бұл істі ерекше бақылауда ұстайтынын жеткізді.

«Мамаш Қазақстанға 6 мамырда ұшып шықты. 9 мамырда, шекараны кесіп өткеннен кейін ол заңға сәйкес қызметінен босатылды», – деді Смадияров.

Бұған дейін Сәкен Мамаштың әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатынбыз.

t.me/CentralMediaNews

0
0
321

Тоқаев Балаеваға бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.Аида Балаева:Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті тәсілдер жөнінде баяндады;ақпарат, мәдениет, креативті индустрия, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қарым-қатынас, жастар және отбасылық-демографиялық саясат салаларында қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді;ведомствоның жетекшілік ететін салаларын дамытуға қатысты жоспарын айтты.Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрлікке мәдени-тарихи нысандардың инфрақұрылымын дамыту, шығармашылықты қолдау, Қазақстанның мәдениетін шетелде дәріптеу секілді бірқатар нақты міндет жүктеді. Бұдан бөлек, креативті индустрияны институционалдық тұрғыда қо…

0
0
282

Повлодарда оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақпен жаралады

Павлодардағы мектепте оқушы сыныптасы мен әйел мұғалімді пышақпен жаралаған.
undefined
Күдікті ұсталыпты. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров хабарлады.

Тәртіп сақшылары тергеу мүддесіне байланысты деп, әзірге мән-жайды ашып айтпай отыр.

Десе де, баланың аузында сөз тұра ма?

"Бізге сол мектептің оқушысы видео жолдады. Оның айтуынша, екі бала ерегісіп қалған. Сосын оларды әйел мұғалім ажыратқысы келеді. Сөйтіп, ұстаз да жараланған", - деп жазады t.me/qumash_kz.

0
0
352

"Мал!" Салтанат Нүкенованың әкесі Бишімбаевқа айғайлады

Марқұм Салтанаттың әкесі Амангелді Нүкенов бүгін алғаш рет журналистер алдында сөйледі.

undefined

"Мен мына айуан өмір бойына түрмеге қамалады деп үміттенемін", - деді Нүкенов.

Ал судья мен алқа билер кеңесу бөлмесіне кеткен кезде ол айыпталушы Қуандық Бишімбаевқа қарата: "Мал, мал!" деп айғайлады.

Сондай-ақ бүгін судья Айжан Құлбаева алқа билерге арналған 13 сұрақты оқыды. Оның 10-ы Бишімбаевқа, үшеуі Бақытжан Байжановқа қатысты.

Сөйтіп, судья мен 10 алқа би тағы да кеңесу бөлмесіне кетті. Олар сол жерде өз шешімдерін айтады. Ал судья үкім оқылатын уақыт қосымша хабарланатынын жеткізді.

0
0
250