Мазмұнға өту
izgilik

Ізгілік Нагиев

@izgilik

Сайтта 2010 ж. 15 желтоқсанКазахстан, Алматы

www.45minut.kz

рейтинг

100

жазбалар

219

пікірлер

194

тіркелуші

48

жазылымдар

69

Көк тудың желбірегені!

Көктудың желбірегені -
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
шымырлатқаны денені.

Көктудың желбірегені -
жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес,
маған керегі-
Көктудың желбірегені.

Көктудың желбірегені-
елдіктің асқақ өлеңі,
әр жаққа тартпай, Қазағым,
бір сөзге жинал дегені.

Көктудың желбірегені -
бақыттың елжірегені,
қиырда қалған Қазақтың
Азат отанға жете алмай
көзінің мөлдірегені.

Аллаһтан кешірім тілеу

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ  قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللّٰهِ : مَنْ لَزِمَ الْاِسْتِغْفَارَ جَعَلَ اللّٰهُ لَهُ مِنْ كُلِّ ض۪يقٍ مَخْرَجًا وَمِنْ كُلِّ هَمٍّ فَرَجًا وَرَزَقَهُ مِنْ حَيْثُ لَا يَحْتَسِبُ

Ибн Аббас (р.а.): «Расулаллаһ (с.ғ.с.): Кімде-кім Аллаһтан кешірім тілеуді әдетке айналдырса, Аллаһ тағала оған әрбір қиыншылықтан шығатын жол және әрбір уайымнан құтылатын шара (айла) нәсіп етеді. Сондай-ақ, ойламаған жерден ризық береді – деп айтты» – деген.

(Әбу Дәуіт риуаят еткен)

0
0
643

Google қайтып оралды. Вернулся Гугле

Жақсы жаңалық, жұртты шулатқан Google қайтып оралды. Қазақта "Қайтқан ...." деп мағынада айтылатын мақалдар еске түсті. Дегенмен Google Қазақстан заңдарына мойынұсынғаны жетістік деп есептеймін. Болашақта алғашқылардың бірі болып Киберполымыз да құрылады. ҚазNET дамиды.

0
0
578

Google қазақша, на казахском

Очень приятная новость для пользователей интернета Казахстана. Сегодня ночью, неожиданно, без объявления войны, поиск в браузере Chrom от Googl стал только на казахском языке, (при вводе поиска в адресную строку). Настройка на русский язык с сохранением настроек действует только на этот конкретный сеанс поиска.

Хорошо что у нас есть такой закон, который поддерживает государственный язык.

Источник: http://clubs.ya.ru/4611686018427431832/replies.xml?item_no=48

Өзің диуанасың кімге пір боласың. Қазақша мақал

Сілтемеде көрсетілген мақалаларды оқып отырып блогтар, журналистика, БАҚ туралы түсінігіміз қалай екен деп ойға келдім. Себебі, қазақша жазбалар ішінде бірін-бірі жамандаған пікірлер және мақалада жазылған мәселені емес, мақаланы оқырманға жеткізуші БАҚ-ын кінәлі етіп көрсеткісі келуге тырысу белең алғанын байқаймын. Ұсынылған сілтемелерді оқып көріңіздер, пікір жазыңыздар. Сілтемелердегі мақалалар қазіргі жағдайларға түсінік береді. Қазіргі жағдайлар дегенім: АбайКЗ, МасаКЗ сайттарын қаралау және т.б.

Журналистика, блогтар туралы сілтемелер:

  1. Как западные медиа поучают русских журналистов щи варить
  2. Либераст. Heroй нашего времени.

Наступили священные месяцы. Чем ты будешь занят? Қасиетті айларда не істейсің?

http://timurrr.co.cc/wp-content/uploads/2009/08/islam1.jpgМұсылман әлемінде қасиетті айлар басталды. Биыл қасиетті ережеп айы 3 маусымнан басталады. Оқырмандарды осы мейраммен құттықтаймын. Баршамызға кәміл иман тілеймін. Жаратушымыз тілеген дұға тілектерімізді қабыл етсін. Аллаға тәуекел!

Төменде қазақша Ислам сайттарынан жинақталған мағлұматтарды оқыңыздар:

Ескерту: Мағлұматтар қысқартылып берілген, толық мағлұматты мекені көрсетілген сайттардан оқи аласыздар.

Бүгінде адамзат баласының 85 пайызы Миләди күнтізбесін пайдаланады екен. Ал хижра күнтізбесін кейбір мұсылман елдері ғана қолданатын болып шықты.

Мұсылман күнтізбесінің бір ерекшелігі,хижри айлар белгілі мезгілде тұрақты қалыптаспаған,олар жылдың төрт мезгілінде де келе береді.Мысалы,Рамазан айы.Құрбан айт мерекесі бірде қыс айларында келсе,кейде жаз айына да кезек беріп отырады. Егер бұларды есептесек,жыл бойы кезектесіп келетін айлар дәл сол айға қайта айналып келуі үшін отыз үш жыл уақытты талап етеді екен.


Пайғамбарымыз 13 ай есебін 12 ай есебіне келтіріп,бір жүйеге түсірген. Бұл жайында Құран Кәрімде:"Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың кітабындағы айлардың саны-12.Бұлардың ішінде төртеуі-харам айлар.Міне осы тура есеп"-делінген(Тәубе сүресі,36 аят). Бір таңқаларлығы, Құран Кәрімде "Шәһрун"(ай) сөзі 12 рет кездессе,"әл-Яум"(күн) сөзі де 365 рет, "әл-Әйям" (күн сөзінің көпше түрі) яғни бір айда келетін күндердің саны 30 рет келтірілген. Мұның барлығына бір жылда қанша ай,қанша күн бар және әр ай қанша күннен тұратынын адаи баласы қасиетті кітаптардан алғанын көрсетеді. Әрине, мұның сыры,даналығы Ұлы Жаратушы Аллаға тән.

Ал енді хижра күнтізбесін тарамдап айтар болсақ,ол былай болады:

  1. Мұхаррам -айы. Мұсылмандардың жаңа жылы осы айдан бастау алады. Пайғамбарымыз(с.ғс):"Рамазан айынан кейінгі ең керемет ораза Алла-тағаланың айы мұхаррамда тұтқан ораза",-деп айтқан. Сонымен қатар бұл айда Ашура күні бар. Пайғамбарымыз(с.ғс):"Ашура күнінде отбасы мүшелеріне қамқорлық жасаған кісіге, Алла тағала жыл бойы қамқорлық жасайды",-деген.
  2. Сапар - айы. Хижра жылы бойынша екінші ай болып есептеледі. бұл айда әрбір мұсылман Құранды толық оқып (қазақша да болады) шыққан абзал.
  3. Рабиуләууәл-айы. "Раби" сөзі араб тілінде көктем деген мағынаны білдіреді. Осы айдың 12-ші күнінде Мұхаммед пайғамбар дүниеге келді. Осы күні мұсылмандар "Мәуліт" кешін атап өтеді.
  4. Рабиулахир- айы. Хижри айларының төртінші әрі рабиуләууәл айының жалғасы.
  5. Жәмәзиуләууәл- айы. Ертеректе бұл айды "тәубе айы" деп те атаған екен. Сондықтан бұл айды да басқа айлардағы сияқты әрбір күнімізді құлишылықпен өткізгеніміз жөн.
  6. Жәмәзиулахир- айы. Бұл айдан кейін тағы да қасиетті үш ай келеді.
  7. Режеб- айы. "Режеб" сөзі араб тілінде "айбарлы болу","дайындалу"."ілтипат" деген мағыналарды білдіреді.Кейбір деректерде "режеб" сүттен ақ, балдан тәтті әрі салқын жұмақ өзенінің аты екендігі айтылады. Пайғамбарымыз(с.ғс):"Кімде-кім қасиетті айларда (Зилқағда,Зилхижжа,Мұхаррам және Режеб) үш-үш күннен ораза ұстаса, амал дәптеріне тоғыз жүз жылдық ғибадаттың сауабы жазылады",-деген. Бұл айда қасиетті екі түн бар-рағайып(бұл режеб айының алғашқы жұма күні) және Миғраж (бұл режеб айының 27 күні).
  8. Шағбан- айы. "Шағбан" пайдалы жол деген мағына білдіреді. Пайғамбарымыз(с.ғс):"Шағбан айы кіргенде нәпсілеріңді тазартыңдар да, игі істерге ниет етіңіздер",-деген. Бұл айда періштелердің екі мейрамы "Бәраат" пен "Қадір" түндері бар.
  9. Рамазан- айы. Бұл айда мұсылмандарға ораза ұстау парыз. Қасиетті Құран Кәрім де осы айда түсе бастаған. Мұнымен қоса мың айдан да қайірлі қадір түні бар.
  10. Шәууәл айы. Шәууәл "жоғарылату" деген мағынаға ие. Бұл айда рамазан айтының үш күні бар.Хадисте:"Кімде-кім Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса, жыл бойы ораза ұстағандай болады"-деп айтылған.
  11. Зилқағда айы. Имам Мүслимнің риуаят етуі бойынша:Пайғамбарымыз(с.ғс) өмірінде төрт рет умра қажылық жасаған болса, соның үшеуін осы айда жасаған",-деген.
  12. Зилхижжа айы. Қажылық маусымы осы айда жүзеге асып, Аллаға тәкбір айтылып, құрбандық шалынады.

Міне, әр айдың қадір-қасиеті осы. Бұл айларда болатын атаулы күндерді елеп, ескергеніміз жөн-ақ.

Ақпарат көзі: Қ. Марат. http://islamdini.ru/publ/kazahwa_makalalar/bilgenge_marzhan/khizhra_ajlaryny_ereksheligi_nede/13-1-0-1138

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Құранда он екі ай аталып, оның төртеуі құрметті айлар екендігі ескертілген.

قال انس رضي الله عنه صمت اذناي ان لم اكن سمعته من رسول الله صلي الله عليه وسلم . لطيفه : الاشهر الحرم اربعة / وخيار الملائكة اربعه / وافضل الكتب المنزلة اربعة / واعضاء الوضوء اربعة / وافضل التسبيح كلمات اربعة / سبحان الله - والحمد لله - ولا اله الا الله - والله اكبر وعماد الحساب اربعة : احاد وعشرات ومئات والوف . والاوقات اربعه : الساعة واليوم والشهر والسنة وفصول السنة اربعة : ربيع - وصيف - وخريف - وشتاء . الطبائع اربعة : حرارة - وبرودة - وبيوسة –ورطوبة ... والخلفاء الراشدين اربعة : ابو بكر - وعمر - وعثمان - وعلي رضوان الله عليهم

Бірде Әнәс (р.а.): егер де Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) естімесем екі құлағым керең болсын деп мына төмендегі хадисті естігенін білдіреді: «Құрметті ай төртеу, таңдаулы періште төртеу, ең абзал кітап төртеу, дәреттің парызы төртеу, тәсбихтың жақсысы төр-теу: «Субханаллаһ, уәлхам-дулилләһ, уә лә иләһә иллаллаһ, уаллаһу әкбәр», есеппен санау төртеу: «бір-бірлеп, он-ондап, жүз-жүздеп, мың-мыңдап», уақыт мөлшері төртеу: «сағат, күн, ай, жыл», жыл мезгілдері төртеу: «көктем, жаз, күз, қыс», ауа райы төртеу: «ыстық, суық, құрғақ, ылғалды»... Әділетті халифалар төртеу: «Әбубәкір (р.а.), Омар (р.а.), Осман (р.а.), Әли (р.а.)». (Имам Ғазали, Мукәшәфәтул қулуб 290 бет). Ал, қазақта «төрт құбылаң тең болсын», «төрт көзі түгел» деген тіркестер де бекерден-бекер айтылмаса керек.

«Ережеп - Алланың айы, шағбан - менің айым, рамазан - үмметімнің айы», - деген. Сондықтан, бұл айлардың қадірін біліп, босқа өткізіп алмай, Алланы көбірек еске алып, біліп-білмей істеген қателеріміз үшін кешірім сұрап, тәубеге келіп, Құран оқып, ілім үйренумен өткізгеніміз жөн. Төрт халифаның бірі Омар (р.а.) әр күні кешке өзінен: «Бүгін Алла үшін не істедім?» - деп сұрайтын. Яғни, әрбір адам күнде кешкісін Алла үшін не істегені жөнінде өзінен-өзі есеп алып отыруы керек.

Осылай өзімізден есеп алу арқылы, қысқа өмірімізді мәнді өткіземіз. Бұл айда ерекше істеген игі істерімізді тек бір Алланың разылығын табу мақсатында ғана жүзеге асырған дұрыс. Ал, «күнәларымызды кешірсін, ауыруымызға шипа берсін, қарыздарымыздан құтқарсын, кемшіліктерімізді толықтырсын, әлсіздерімізді қуаттандырсын, тіпті тозақтан қорғап, жәннатқа кіргізсін» дегеннен де бұрын «Алла өзің ғана бізге риза бола гөр» деп тілеген жөн. Егер де Алла разы болса, барлық ісіміз оңалады деген сөз.

Сөз соңында Пайғамбары-мыздың (с.ғ.с.) мына бір хадисін айта кеткенді жөн көрдік: «Бес түн бар дұға қайтарылмайтын, ережеп айының бірінші түні, шағбанның ортаңғы түні, жұма түні, екі айт түнде-рінде», - деген. Сондықтан, мол дұға жасауды ұмытпайық.

Алла тағала қасиетті айлар мен қадірлі түндерде жасалған құлшылық, ғибадаттарымызды қабыл еткей! Әмин!

Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ,
ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің бас маманы

Ақпарат көзі: http://www.muftyat.kz/index.php?newsid=4215

 

ДОС. Сөз беремін.

ДОС - http://www.dosmobile.kz - бұл Қазақстан нарығындағы жаңа ұялы байланыс! Бұл Қазақстан тарихындағы нағыз қазақстандық ұялы байланыстың бренді. Ол шет елден әкелінбеген, біздің жергілікті брендіміз. Оның ең басты ерекшелігі – қарапайымдылық, қолданудағы ыңғайлылық пен арзан тарифтер.

Бәрі жақсы ғой, тек түсініксіз болғаны, сұрақтар: (Сайтты оқып шыққан кездегі түсінбеген жерім):

  1. 25 күнде кем дегенде 1 рет теңгеріміңізді бірден 300 тг-ге толтырғанда. Теңгеріміңізді кем дегенде 300 тг-ге соңғы толтырғаныңызға 25 күн өткен соң, барлық нөмірлерге қоңырау шалу құны - 15 теңге.
  2. Алматы облысынан тыс жерлерде барлық бағыттағы қоңыраулар құны - 15 теңге.
  3. Қазақстанның басқа жерлеріне қашан жетеді екен?
  4. Қалай тіркелуге болады, әрі байқауымша бұл Билайнның шығарған операторы (Қазақстан Республикасының территориясында қызметтерді "КаР-Тел" ЖШС компаниясы көрсетеді.  ККМ БД №0000317 мемлекеттік лицензиясын 24.08.1998 ж. ҚР Көлік және коммуникация министрлігі берген) болу керек. Билайн қолданушыларға немесе басқаларға қалай тіркелуге болады?

P.S. ДОС туралы блогқа жазу себебім, байланыс поштасын таба алмадым.

0
3
903

Религия. Тексеріліп көріңдер. Интересная (Қызықты) сайт.

Пройдя этот несколько утомительный, но по своей сути нехитрый тест, ты узнаешь, какая религия является самой близкой для тебя. Тест состоит из 60 утверждений, к каждому из которых ты должен выразить степень своего согласия. Если ты на сто процентов согласен с предлагаемым утверждением, отметь кружок рядом с надписью "согласен". Если категорически не согласен, отметь кружок рядом с надписью "не согласен". Этот же кружок надо выбрать в том случае, если утверждение не имеет смысла согласно твоим убеждениям . Промежуточные кружочки от "не согласен" до "согласен" показывают степень сомнения. Например, выбирая средний кружок, ты утверждаешь: "может да, может нет - 50/50". Второй кружок слева обозначает "скорее не согласен, чем согласен", четвертый - "скорее согласен, чем нет".

И да, не стоит относиться к тесту и его результатам слишком серьезно!

Пройти тест "Религиометр"

@AZhumagaliev @egovkz Cұрақ-Вопрос

Салеметсіз бе, Асқар аға! Сізге Twitter арқылы сұрақ жолдап едім:

@AZhumagaliev ЭЦП жүйесіне электронды тапсырыс беру үшін неге ақылы Windows жүйесін пайдалануға мұқтажбыз. Linux арқылы тапсырыс берілмейді.

Шындығында осы жағдай маңызды. Мен Линукс жүйесін пайдаланамын. Ерекшелігі Windows жүйесіне қарағанда пайдалануы тегін жүйе. Электронды кілт алу үшін тапсырыс беруге Windows жүйесі арқылы ғана қол жетімді екен. Сұрақ қойған күні амал жоқтықтан Windows жүйесі бар таныс адамға өтініш білдіріп, компутерінен өтініш жібердім.


Сол күні Ақтөбедегі ЦОН барғанымда "База не работает" деп жұмысты бітіре алмадым. ЦОН-да қазақша сұрасаң орысша жауап беретін қазақ жігіт бар екен. Қазақша сұрап, орысша жауап алып сөйлестік. Түсінгенім, Интернет арқылы тапсырыс беріп, тапсырыс парағын шығарып алып келу керек екен. Мен тапсырыс бердім, тапсырыс парағын ЦОН бермей ме деген сұрағыма, тапсырыс парағын өзім шығарып әкелуім керек екенін білдім. 

Ендігі мәселе, сол күні "База не работает" себебімен электронды кілтке тапсырыс бере алмадым, енді ЦОН-ға барып қайтадан "База работает" кезіне үлгеріп тапсырыс беруім керек. Тапсырыс берген соң ЦОН орталығы менің поштама сертификат жібереді. Ол сертификатты тапсырыс берген компутерден ғана іске қосуым (активация) керек. 

Қиындық тудыратын жағдай: Маған тапсырыс беруге Windows компутерін берген таныс  адам жұмыстарымен басқа қалаға кетті. Бәрі жақсы болып, ойдағыдай болса жақсы болар еді деп отырмын. Әйтпесе сол адамды күтуге немесе қайта тапсырыс беруге мәжбүрмін. Поштама келетін сертификатты сол адамның компутері болмаса пайдалана алмаймын.

Мәселені осындай қиындатпай Linux жүйесі үшін мүмкіндік қашан іске қосылады? Ал ЭЦП алу үшін ақылы Windows жүйесін сатып алуға қажеттілік туындап тұрған жағдайды түсінбеймін.

ЭЦП форумындағы Linux ке байланысты айтылғандарды істеп көрдім. Пайдаға аспады.

Yvizyon сайты арқылы zhomart қолданушыға сұраған сұрағыма жауап келді:

@egovkz хочу отправить заявку через Ubuntu 11-Mozilla. Ява не загружается. Тумар как установить для Ubuntu 11. Помогите
zhomart.yvi.kz ЭЦП:   25 May 2011, 16:12
На данный момент с Линуксом много проблем. Лучше всего взять ксерокопию уд. личности и прогуляться в ближайший к вам ЦОН. Там вам быстро выдадут ЭЦП.

Ближайший ЦОН барып шаруа бітпеді, себебі Интернет арқылы тапсырыс беру керек.

Жауабыңызға алдын ала алғыс білдіремін.

Негізі осы сұрақты http://blogs.egov.kz/ арқылы қойдым. Тексеріліп болған соң ғана жариялануы мүмкін. Дегенмен жеке блогым арқылы көпшіліктің пікірлерін білгім келеді.

0
1
795