Республикалық 45minut.kz басылымы ҚР Электрондық үкіметінің жұмысын жарнамалау және таныстыру мақсатында Ұстаздар арасында шығармашылық конкурс жариялайды. Конкурсқа www.45minut.kz сайтының қолданушылары қатыса алады.
Шығармашылық конкурс атауы: Электронды үкімет және Ұстаз
Конкурс шарты: ҚР Электрондық үкіметінің http://egov.kz сайты туралы және Электронды үкімет қызметтерін күнделікті тұрмыста, жұмыста, пайдаланудың мысалдары көрсетілген қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған материалдар қатыстырылады. Сонымен қатар оқушыларға, ата-аналарға электронды үкімет туралы мағлұмат беру және түсіндіру мысалдарын да көрсетуге болады.
Мерзімі: 30.10.2013 ж — 05.11.2013 ж
Материалдар форматы: Баяндама, Эссе, Шығарма, Презентация, Суреттер
Материалдарды қабылдау почтасы: [email protected]
Материалдар www.45minut.kz сайтында жарияланады және қатысушыларға сертификат беріледі.
