Таныстыру: БАҚ өкілі -2013 – Масакбаева Сайра Сабырхановна

Құрметті, 45minut.kz Республикалық Ұстаздар сайт әкімшілігі!
Қарап отырсам, 45minut.kz Республикалық Ұстаздар сайтына 2011 жылдың 26 – желтоқсаны күні тіркеліппін. Осы аз ішінде сайт беттерінен көптеген сұрақтарыма жауап алдым. Мектептегі жалпы қаладағы әріптестерім арасында сайтты насихаттап жүремін. Көптеген әріптестерім мен арқылы сайтқа материалдарын жариялап «сертификат» алды. Акция бойынша 23- мұғалімнің сайт газетіне жазылуын ұйымдастырдым. Олардың ішінен бірнеше мұғалімдердің жұмыстары газет беттерінен жарық көрді. Өзім «Мектептегі бір мезет» байқауына екі жұмысымды жібердім. Қазыр қолымдағы БАҚ- ның өкілі куәлігі күшін жойды ғой, қайта тіркелуге менің осы жасаған жұмыстарым жеткіліктіме?
Құрметті Редакция қызметкерлері! Қай уақытта болса да хабарласып жатқан барлық адамдарға уақыт тауып, шыдамдылық танытып, сауаттылықпен жауап бергендеріңізге көп –көп рахмет! Жаңа жыл табысты жыл болсын!
Ізгі тілекпен: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№34 жалпы білім беретін орта мектеп» ММ математика пәнінің мұғалімі Масакбаева Сайра Сабырханқызы
