Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өмір сұрақтарына Құран жауаптары

Сұрақ: "Жалғыздықтан шаршадым."
Жауап: (Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді» (Бақара сүресі: 186)

Сұрақ: "Күнәларым көп, қайсысына тәубе етейін..?"
Жауап: (Мұхаммед Ғ.С.): “Әй өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртүтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді” де. (53)  (Зүмәр сүресі: 53)

Сұрақ: "Кешірім тағы болар ма, кімнен кешірім сұраймын..?"
Жауап: Ал олар қашан арсыздық істесе не өздеріне зұлымдық қылса, Алланы естеріне алып, күнәларының жарылқауын тілейді. Күнәларды Алладан басқа кім жарылқайды. Сондай-ақ олар істеген істеріне біле тұра қасарыспайды. (Әл-Имран сүресі: 135)

Сұрақ: "Жаратушым, Сенен басқа кім бар..?"
Жауап: Өйткені Алла (Т.) олардың істеген істерінің жаманын жояды да, оларды істеген істерінің ең жақсысымен сыйлайды. (Зүмәр сүресі: 35)
Алла құлына жеткілікті емес пе? (Мұхаммед Ғ.С.) олар сені Алладан өзгелермен қорқытады. Кімді Алла адастырса, оған тура жол көрсетуші жоқ. (Зүмәр сүресі: 36)

1
1
1194

Осы тақырып бойынша

Өмір сұрақтарына Құран жауаптары - Yvision.kz