Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының азаматтарын жеке қабылдады
Ағымдағы жылғы 3 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының орынбасары Қ.С. Бейсембаев Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының азаматтарын, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында жеке қабылдады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығымен кездесу мүмкіндігіне ауданның бес тұрғыны ие болды. Ауылдықтарды мазалаған мәселелердің бастысы – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның шаруа қожалықтарының жұмысшыларға еңбекақыларын төлемеуі болды. Нақтырақ айтқанда «Данто» ШҚ, «Астана-Холдинг» ЖШС жұмысшылары ақшаларын ала алмауда. Қабылдауға қатысқан еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Б.Қ. Жанботин, арызданған Р.Е. Яцуков пен А.В. Обидникке бұл мәселе бойынша сотқа жүгінген абзал деп шешті. Ал Департамент болса, бұл мәселені өз бақылауын…