Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

СҚО Мемлекеттік қызмет істері департаментінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөнінде семинар өтті

2016 жылғы 29 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік қызмет істері департаментінде басшының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж.Ж. Жұмабаевтың төрағалық етуімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мамандарының қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы өзекті мәселелер бойынша семинар өтті. Соның ішінде, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бақылаудың Ережесі және есеп беру нысандарын толтырудың жаңа талаптары жөнінде ақпаратпен Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы М.Қ. Қасымов баяндады, өз ақпаратында ол осы саланы реттейтін жаңа нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын түсіндірді.

Семинар қатысушылары мемлекеттік қызметтер және облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктері бойынша Бұзушылық картасының бар екені, бұл карта мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамасының бар бұзушылықтарын ескере отырып толтырылатындығы және алдағы уақытта іріктелген тексерістер жоспарын жасауға негіз болатындығы хабардар етілді.

Кездесу барысында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп беру нысандарын толтырудың бар мәселелер талқыға салынды. Мемлекеттік органдар мамандары мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін жетілдіруге қатысты ұсыныстар енгізді.

Семинар қорытындысы бойынша қажетті ұсыныстар әзірленді.

 
0
0
480

Осы тақырып бойынша