Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әскер қатарын жемқорлықтан тазарту...

Ағымдағы жылғы 1 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігі облыстық департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасымен заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру және жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының 6637 әскери бөлімшесінде дәріс оқылды.

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Н.С. Жахин, жиылғандарды жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдерімен таныстырып, әскери қызметкерлер қатарында орын алған жемқорлық істерден нақты мысалдар келтірді.

Өйткені қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықтың көріністері мемлекеттік сатып алулар саласымен қатар, қорғаныс істері басқармалары және оқыту мекемелерінің (әскери-техникалық мектептер және т.б.) қызметінде де жиі орын алуда.

Ал қылмыс орнында әшкереленген лауазымды тұлғалар туралы бейне роликтерді көрген әскерилерге, бұдан былай заңды аттамас бұрын бірнеше рет ойлануларына тура келеді.

Нұрлан Жахин Департаменттің жеке құрам қатарын жемқорлықтан тазартуға бағытталған профилактикалық жұмыстары Петропавл гарнизонының Әскери Прокуратурасымен бірлесе жүргізілетіндігін айтты.

Кездесу соңында заңнаманың қолданылу аясына қатысты қойылған сұрақтардың барлығына тиісті жауаптар берілді.

 
0
0
560

Осы тақырып бойынша

Әскер қатарын жемқорлықтан тазарту... - Yvision.kz