Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылғы 24 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж.Ж. Жұмабаев СҚО кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесі отырысына қатысты.
Күн тәртібінде жолаушылар тасымалы саласындағы жосықсыз бәсеке, жер заңнамасындағы өзгерістер және жер учаскелерінің әділ берілуі, сонымен қатар бизнес субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты өзге де өзекті мәселелер қаралды.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша туындаған проблемаларды жою жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірленді.
