Туған елге тағзым ету парызым, Туған жерге қызмет ету қарызым.
Бүгінгі күн біз үшін өміріміздің мәні, қайрат-жігеріміздің, қабілетіміздің бастауы. Әр таңдағы әрбір игілікті іс пен сенімді болашаққа қадам - бізге күш-қуат береді.
Қазақ хандығының алғашқы астаналарының бірі болған, қазақ тарихында өшпес із қалдырған, төрт хандықты басынан кешірген Сарайшық қаласы бізге үлкен әсер қалдырды. Себебі, мектеп бағдарламасында өткен Сарайшық қаласын көзбен көріп, дәл қазақ хандығында өшпес із қалдырған қаланың орнында тұру бізге үлкен бір мақтаныш, үлкен бір күш, тебірентер сәт береді.

Танымдық сапарымыздың екінші жартысында қазіргі Қазақстанның экономикасын дамытуға үлес қосып келе жатқан Атырау жеріндегі өнеркәсіптермен таныс болдық. Олардың ішінде Атырау поллиметалургия зауыты, ИП 1 Майский, RauanNalco , Chevron. Қазақстан 2050 стратегиясында индустрияландыруға аса көп мән берілген. Осыған орай өндіріс өнімдері мен жұмысын көру бізге үлкен тәжіребие берді деген ойдамыз. 
Атыраудағы алғашқы танымдық экпедициядан алған әсерімізді сөзбен жеткізу қиын. Аз ғана уақыт ширегінде болашығымызға септігін тигізер мәліметтермен танысып болдық. Алдағы уақытта сапарларымыз мазмұнды да мәнді және ерекше сәттерге толы болады деген үміттеміз.
