Бекет Ата — ел иесі, Ақмешітім — жер киесі
|
Бекет Ата - ел иесі
Ақмешітім - жер киесі ![]() Қазақтың сары сахарасында қанша дана,қасиетті,ұлы тұлғалардың болғаны тарих беттерінен білеміз. Солардың бірі - Бекет Ата бабамыз. Атыраудағы өлкетану мақсатындағы сапарымызда Бекет Атаның кіндік қаны тамған жерге бармау мүмкін емес еді,бүгін сол бір киелі жерге бару сағаты салынды. Түс ауа киелі Ақмешіт жеріне келіп жеттік. Халқымызда құдайы қонақты әр дайым құшақ жая қарсы алған салтын Ислам атаның қара шаңырағы да ұстанып отыр екен,оған дәлел бүгін ниеттеніп келген қанша адамды күтіп алды. Ақмешітте Бекет атаның Атасы Жаналы,әкесі Мырзағұл,анасы Жәния және баласы Тоғай жерленген екен. Сол киелі жерде әр біреуіміз шын ниетімізді білдіріп,аруақтарға құран бағыштадық.бірер сәттен кейін Ислам атаның Бекет Ата жайлы әңгімелерін тыңдай отырып,жанымыз белгісіз бір сезімге бөленді.Әрбір айтылған Бекет атаның қасиеті мен жан-жақты болғанын көрсетеді. Әңгімеге құрышымыз қанғаннан кейін Бекет Атаны жақын тану үшін мұражайдағы атамыздың өмір үзінділерімен таныс болдық. ![]() Мәдинәдә - Мұхаммед
Түркістанда - Қожа Ахмет
Маңғыстауда - Пір Бекет
| 23:01:55 |


