Өнер көзі халықта
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар! Бүгін сіздердің назарларыңызда танымдық экспедициямыздың алтыншы күні. Бүгінгі күніміз қазақ халқының бұрыннан келе жатқан бұйымдары мен көркем суреттерінің көрмесінен басталды. Көркем өнер шеберлері бізді өз жұмыстарымен таныстырып, біршама шеберлікке үйретіп, кейін тәжірибе жүзінде жасап көруге рұқсат берді. Аса қатты қызықтырғаны Нұрсұлтан ағамыздың темірді жоңып, түрлі бейнелі пішіндерді жасау әдісі. Сонымен қатар EXPO-2017 бағдарламасына арналған ағаштан жасалған мүсіншесі де бізді қызықтыра түсті. 
Бүгінгі күн біз үшін басқа күндерден ерекше өтті. Себебі, бұл күн тек қана зауыттар мен түрлі мұражайлармен шектеліп қалмай, ойын-сауық мақсатында бассейнге барумен жалғасты. Күніміз Ассамблеяның кәріс пен грузин мүшелерінің келуімен аяқталды. Людмила Ли мен З. Бабабдзоев сияқты Ассамблеяның мүшелерімен танысу біз үшін құрмет болды, себебі, бұл кісілердің берген кеңестері мен бағыттары XXI ғасыр жастарына өте орынды болып келеді. Қорытындылай келе, "Бірлік-түбі тірлік" демекші халық даналығы еліміздегі халықтар татулық пен ынтымақтастықта өмір сүрсе ғана ел өмірі бейбіт,бақытты болады.
