Мен-мен едім,мен едім..
Бұған дейін біз Атырау қаласының индустриялық бағытымен таныс болсақ,бүгін Атыраудың тұңғиық тарихына көз жүгірткен болатынбыз. Оған өз септігін тигізген Индер ауданындағы мұражай. Мұражайда ең әсерлі Махамбет Өтеміс ұлы жайлы айтылған мәліметтер еді.Дегенімен тындау бір басқа,көр басқа демекші,бабамыздың базарына кірген кезде жан дүниеміз өзгеше сезімге бөленген еді.Халықтың азаттығын көксеген күрескер,ел бастаған батыр,өр рухты ақынның кесенсінде болу әр қазақ баласының парызы деген ойдамыз.Қалам мен найзаны қатар ұстап,халыққа жақын бола білген ардақты батырымыздың кесенесіне кірген сәттен бастапкөңілімізге ерекше сезім ұялады.Дана халқым айтпақшы «Ғалымның хаты өлмейді,жақсынының аты өлмейді» деген жолдар Махамбет бабамыз жайлы айтылған деген ой тудырады.Бүгін мазарда отырып Махамбеттің өлеңдері мен күйлеріне құлағымыздың құрышын қандырып,тағыда махамбеттей батырлар өмірге бірақ рет келеді дегнге көзіміз жетті.
Қазақ тарихында осындай ұлы тұлғалар аз болмағаны бәрімізге мәлім,дегенмен Махамбет Өтемісапкуұлының орны ерекше. Сөз соның Нұрболат ағайдың өлең жолдарымен аяқтағанды жөн көріп отырмын.

«Туған елге тағзым ету,
Біз жастардың қарызы.
Бабам жайлы жыр ету,
Әр қазақтың парызы.»


