Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Рухани қазына

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырман қауым! Танымдық экспедициямыздың төртінші күнін біз еліміздің өнер және өлкетану салаларына арнадық.Біріншіден, 1992 жылы 2 cәуірінде Атырау қаласында ашылған өнер музейіне сапар шектік. 1999 жылы қыркүйек айында облыс әкімшілігі ұйғаруымен және Қазақстан Республикасы мұнай өнеркәсібінің 100 жылдығына Атырау облысының халқына тарту ретінде “Қазақойл” Ұлттық мұнай-газ компаниясының демеушілік көрсетуімен жөндеуден өткізіліп , халыққа қызмет көрсетіп келеді. Мұражай атақты суретші Шаймардан Сариевтің есімімен аталған. 1200-ден астам экспонаты бар мұражайды өз көзімізбен көру біздің сезімімізді одан сайын толғандырып, қызығушылығымызды арттырды. Мұражайдың сегіз экспозициялық залында еліміздің атақты суретшілер мен өнер адамдарының әйгілі жұмыстары орналасқан.

Көп ұзамай, тобымыз Атырау облыстық тарихи мұражайына бағытталды. Бұл мұражайдың ең басты таңқаларлық экспонаты- Атырау облысы,Жылыой ауданында табылған Алтын киімді адам. Мұражайда біз куә болған экспонаттар бұрынғы кезеңнен бастап, қазіргі кезеңге дейінгі уақытты қамтиды. Бұл мұражайда қазақ жеріміздің бұрынғы тарихы, рухани, мәдени құндылықтары сақталып, болашақ ұрпаққа жеткізілуде. Бізді аса толғандырғаны: Ұлы Отан соғысы туралы алынған мәлімет, Қазақ хандығынан қалған ежелгі экспонаттар, күмістен жасалған түрлі бұйымдар, аңдардың тұлыптары, қазақ халқының дәстүрлі киім-кешегі.

Қорытындылай келе, бүгінгі күн біз үшін аса маңызды күндердің бірі. Себебі,өз елінің тарихын білу – әр азаматтың борышы!

 
0
0
1643

Осы тақырып бойынша