Мазмұнға өту
ecogovkz

Экология Министрлігі

@ecogovkz

Сайтта 2013 ж. 28 қаңтарКазахстан, Астана

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі

рейтинг

100

жазбалар

2 175

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылу

1

Астанада тиімді су пайдалану мәселелері талқыланды

«Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 19–20 маусымында Су ресурстары комитеті басқармалары мен бассейн инспекцияларының басшылары мен қызметкерлері үшін «Тиімді су пайдалану мен су үнемдеу: стандарттар мен тетіктер» тақырыбындағы семинар-тренинг өткізді. Семинар суды үнемдеу мен суды тұтынудың халықаралық тәжірибесі және технологияларымен танысу мақсатында ұйымдастырылды. Семинардың ашылуында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары Вице-министрі Ерлан Нысанбаев және «Жасыл Академия» ҒБО директоры, ҚР Президентінің жанындағы «жасыл» экономика жөніндегі Кеңес мүшесі, э.ғ.д. Бақыт Есекина сөз сөйледі. Семинар барысында Қазақстан Республикасының 2014–2020 жылдарға арналған су ресурстарын басқ…

0
0
418

Балық қорғау шаралары туралы

2014 жылғы 19 маусымда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мен Маңғыстау облыстық ІІД-нің табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен бірлесіп өткізген балық қорғау рейдтік іс-шаралары барысында, Түпқараған ауданының «Санасар» мекені маңында Ақтау қаласының тұрғындары отырған «ВАЗ-21213» маркалы автокөлігін тоқтатып тексерді.

Нәтижесінде көліктен жалпы салмағы 40 кг құраған 21 бекіре тұқымдас балық табылды.

Жиналған материал құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/06/104-68/

0
0
841

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы

2014 жылдың 19 маусымында Астанада Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хенің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров пен Оңтүстік Кореяның орман шаруашылығы қызметі министрі Шин Вон Соп екі ведомство арасындағы орман шаруашылығы және Қазақстанның ормандарын қалпына келтіру салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты – тараптардың орман шаруашылығы және Қазақстан Республикасының ормандарын қалпына келтіру салаларындағы екіжақты ынтымақтастығы аясын кеңейту және нығайту. Меморандум аясында тараптардың бірлесіп, орман шаруашылығы мен ормандарды қалпына келтіру салаларындағы ынтымақтастығы аясындағы іс-шаралар жоспарын әзірлеуі, орман шаруашылығы, ормандарды қалпына…

0
0
710

Н. Назарбаев екіжақты құжаттарға қол қою рәсіміне қатысты

Strategy2050.kz Қазақстан және Корея Республикасының Президенттері екіжақты құжаттарға қол қою рәсіміне қатысып, бірлескен мәлімдеме жасады. Келіссөздер қорытындысы бойынша мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесі қабылданды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Екі ел президенттерінің қатысуымен төмендегідей бірқатар құжаттарға қол қойылды: Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Корея Республикасы Үкіметінің арасындағы өзара визалық талаптарды жою туралы келісім; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Корея Республикасының Мемлекеттік заңнама министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Корея Республикасы Ғылым, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және болашақ жоспарлау министрл…

0
0
315

Браконьерлікпен күрес шаралары туралы

2014 жылғы 11 маусымда «Шардара» суқоймасында Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері заңсыз балық аулаған Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғынын ұстады.

Тексеру барысында одан 4,5 сазан балығы, тиым салынған электр қармағы, резиналы қайық және шанышқы табылды.

15 маусымда «Достық» көлінде инспекция қызметкерлері заңсыз құралдарың көмегімен 15кг балық аулап алған Мақтарал қаласының тұрғынын құрықтады.

Тексеру барысында одан да электр қармағы, резиналы қайық және шанышқы табылып, тәркіленді.

Екі оқиға бойынша жинақталған материалдар мен айғақты заттар құқық қорғау органдарына жолданды.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/06/104-63/

0
0
409

Қазақстанның екі табиғи аумағы UNESCO-ның биосфералық резерватары қатарына қосылды

2014 жылғы 12 маусымда UNESCO «Адам және биосфера» (UNESCO MAB) бағдарламасының Халықаралық үйлестіру кеңесінің 26-шы сессиясы барысында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты мен Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне «UNESCO-ның биосфералық резерваты» халықаралық мәртебесі берілді. Биосфералық резерваттардың негізгі критерийлері – территорияның аймақтандырылуы (ұйытқы аймақ, аралық және өтпелі аймақтар) және әр аймақ шегіндегі қызметтің регламенттелуі. «Ақжайық» резерваты бойынша номинацияны дайындаудың (ғылыми негіздеме) алғашқы кезеңі сулы-батпақты жерлерді толық сақтау жөніндегі Жаһандық экологиялық қордың, БҰҰ Даму бағдарламасының және ҚР ҚОСРМ орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің бірлескен жобасы шеңберінде жүргізілді. «Ақжайық» МТР UNESCO-ның дүниежүзілік биосфералық…

0
0
825

Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде

2014 жылғы 15 маусымда Қарағанды облысының Ұлытау ауданында «Охотзоопром» РМК-ның инспекторлары киіктерді қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Досжан қыстағы аумағында облыс тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Nissan Terrano» автокөлігін тоқтатып, тексерді.

Нәтижесінде автокөліктен атылған киік табылды. Сонымен қатар көлік иесінен 16 калибірлі аңшы мылтығы мен 12 оқ тәркіленді.

Жиналған материалдар мен айғақты заттар құқық қорғау органдарына жіберілді.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызыметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/06/104-59/

0
0
326

«NAMA жобасын әзірлеуге дайындық және энергетика мен көлік салаларында пәрнек газдардың ауаға шығарылуын азайту шараларына инвестиция салуды оқыту» атты өңірлік семинар

Бүгін, 2014 жылғы 17 маусым күні Астана қаласында «NAMA жобасын әзірлеуге дайындық және энергетика мен көлік салаларында пәрнек газдардың ауаға шығарылуын азайту шараларына инвестиция салуды оқыту» атты екі күндік өңірлік семинар басталды. Аталмыш іс-шара Азия Даму Банкінің аймақтағы көмірсуті көп шығаратын елдер Үкіметтеріне (Әзірбайжан, Қазақстан мен Өзбекстан) өңірлік техникалық қолдау көрсету, «Орталық және Батыс Азияда климат өзгеру экономикасы» бағдарламасының «митигация» компоненті шеңберінде өткізіліп жатыр. Семинарға үш елдің салалық министрліктері мен даму институттарының, энергетика мен көлік компанияларының, халықаралық көпжақты банктер және донорлық ұйымдардың, ҮЕБ-дың өкілдері шақырылды. Семинардың мақсаты – БГ-дың атмосфераға шығарылуын азайтуға бағытталған саясатты әзірлеу…

0
0
528

Н. Қаппаров АҚШ президентінің арнайы көмекшісімен кездесті

2014 жылдың 16 маусымында Астанада Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Америка Құрама Штаттары президентінің арнайы көмекшісі, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресей және Еуразия жөніндегі аға директоры Селесте Уолландермен кездесу өткізді. Кездесу барысында екі елдің арасында «жасыл» экономика және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды. Сонымен қатар тараптар «Астана EXPO-2017» халықаралық көрмеге дайындық барысы мен оны өткізу мәселелері бойынша ой бөлісті. Нұрлан Қаппаров еліміздің «жасыл» экономикаға көшуіне байланысты дамыған елдермен тәжірибе алмасу мен «жасыл» технологиялар трансфертіне, сондай-ақ инвестициялар тарту арқылы Орталық Азия елдерінде су инфрақұрылымы, қалдықтарды басқару,…

0
0
315