Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде
2014 жылғы 15 маусымда Қарағанды облысының Ұлытау ауданында «Охотзоопром» РМК-ның инспекторлары киіктерді қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Досжан қыстағы аумағында облыс тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Nissan Terrano» автокөлігін тоқтатып, тексерді.
Нәтижесінде автокөліктен атылған киік табылды. Сонымен қатар көлік иесінен 16 калибірлі аңшы мылтығы мен 12 оқ тәркіленді.
Жиналған материалдар мен айғақты заттар құқық қорғау органдарына жіберілді.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызыметі
