Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Браконьерлікпен күрес шаралары туралы

2014 жылғы 11 маусымда «Шардара» суқоймасында Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері заңсыз балық аулаған Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғынын ұстады.

Тексеру барысында одан 4,5 сазан балығы, тиым салынған электр қармағы, резиналы қайық және шанышқы табылды.

15 маусымда «Достық» көлінде инспекция қызметкерлері заңсыз құралдарың көмегімен 15кг балық аулап алған Мақтарал қаласының тұрғынын құрықтады.

Тексеру барысында одан да электр қармағы, резиналы қайық және шанышқы табылып, тәркіленді.

Екі оқиға бойынша жинақталған материалдар мен айғақты заттар құқық қорғау органдарына жолданды.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/06/104-63/

0
0
410

Осы тақырып бойынша

Браконьерлікпен күрес шаралары туралы - Yvision.kz