Мазмұнға өту
ecogovkz

Экология Министрлігі

@ecogovkz

Сайтта 2013 ж. 28 қаңтарКазахстан, Астана

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі

рейтинг

100

жазбалар

2 175

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылу

1

Н. Қаппаровтың Тәжікстан сыртқы істер министрімен кездесуі жөнінде

2014 жылдың 16 маусымында Астанада Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Тәжікстан Республикасының сыртқы істер министрі Сирожидин Асловпен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Тәжікстанның сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы шеңберінде өзара әрекеттесудің тиімді негізде жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар кездесу барысында екі ел арасындағы қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері қарастырылды. Н. Қаппаров Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуімен қатар Орталық Азия елдерінің де «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына қатысушы болып кіруіне мүдделі екендігін атап өтті. Осы орайда ол Тәжікстанды аймақтағы мемлекеттердің «жасыл» жолмен дамулары үшін жағдай…

0
0
465

Тіркелген тарифтер туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Тіркелген тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысы қолданысқа енгізілгенін хабарлайды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі № 128-V Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабы 4-тармағына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесі бар кәсіпкерлік субъектілері осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін, Қазақстан Республикасы Үкім…

0
0
275

«Тиімді су пайдалану және үнемдеу: стандарттар мен тетіктер» тақырыбына семинар-тренингі

«Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР Қоршаған орта мен су ресурстары министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 19–20 маусымы аралығында «Тиімді су пайдалану және үнемдеу: стандарттар мен тетіктер» тақырыбына Су ресурстары комитетінің басқарма басшылары мен бассейн инспекциясы басшыларының орынбасары үшін семинар-тренинг өткізеді Семинардың мақсаты – суды тиімді және ұтымды пайдаланудың халықаралық тәжірибесімен және технологияларымен таныстыру. Семинар шеңберінде қатысушылар Қазақстан Республикасының 2014–2020 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жоспарымен, ҚР су заңнамасындағы өзгерістермен, суды тиімді тұтыну мен суды үнемдеу саласындағы Германия және Финляндияның тәжірибесімен, суғару кезіндегі суды нормалау ерекшеліктерімен,…

0
0
572

Бір жыл ішінде Қазақстан киіктер саны 37 пайызға көбейді

ҚазАқпарат – Киіктерді қорғау бағдарламасы аясында жүргізілген шаралардың арқасында олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 37 пайызға көбейді. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров осылай мәлім етті. «Біз көктем кезеңінде киіктерге санақ жүргіздік. Оның қорытындысы бойынша бұл тұяқты жануарларды қорғау бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін айта аламыз. Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстандағы киіктердің саны 37 пайызға өсті және бүгінгі күні 256 мыңнан асып жығылады», – деді министр. Н.Қаппаровтың сөзіне қарағанда, 2004-2005 жылдары аралығында еліміздегі киіктердің саны 30 мың басқа дейін азайып кеткен болатын. «Біз барынша байыпты қорғау шараларын жүргізіп, браконьерлікпен күресудем…

0
0
272

Жаңаратын энергия көздерінің тарифі белгілі болды

ҚазАқпарат – Қазақстанда жаңаратын энергия көздерінің тарифі белгілі болды. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров бұл жайлы жан-жақты хабардар етті. «Мамыр айының соңында Үкімет жаңаратын энергия көздерінен өндірілетін электр энергияларының тарифтерін бекітті. Мәселен, жел электр стансасы өндірген электр энергиясының тарифі 1 сағат кВт-ға 22,68 теңгені құрайды, ал күн электр стансаларында – 34,61, шағын су электр стансаларында – 16,71, биогаз құрылғыларында 32,23 теңгеге тең», – деді ол. Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы жаңаратын энергия көздерін қолдау және пайдалану мәселелері бойынша заңнамаға толықтырулар мен өзгертулер енгізілген. «Түзету Қазақстандағы жаңаратын энергия көздерін одан ары қалыптастыр…

0
0
379

Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуға 100 млн. АҚШ доллары бөлінеді

"24kz" ТА Еуропалық қайта құру және даму банкі Қызылордада қалдықтарды өңдейтін жобаны қаржыландырмақ. Бұл туралы банк президенті Сума Чакрабарти шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVII отырысында мәлімдеді. Сонымен қатар, Қайта құру және даму банкі Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуға 100 млн. АҚШ долларын бөлмек. Бұл қаражат түрлі жобаларға шағын несие ретінде бөлінеді. Кеңесте сөз алып, жоспарларымен бөліскен Сума Чакрабарти банк инфрақұрлым жобаларын жүзеге асыруға ниетті екенін де жеткізді. Сума Чакрабарти, Еуропалық Қайта құру және даму банкінің президенті: - Біз Қазақстан Үкіметімен мемлекеттік жекеменшік серіктестік мәселесі бойынша жасалған жаңа заң жобасы негізінде бірқатар жұмыстар жасадық. Тиісті заңды құжат қабылданғаннан кейін біз инфроқұрлымдық жобаларды, атап айтқа…

0
0
198

Қазақстанға Халықаралық көрмелер бюросының туы ресми түрде табыс етілді

ҚазАқпарат – Парижде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ресми түрде Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталестің қолынан ХКБ туын алды.

Бұл туралы “Астана ЭКСПО-2017″ ҰК ресми твиттерінде хабарланды.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/06/104-44/

0
0
417

«Нерест-2014» акциясының жүргізілу барысы жөнінде

2014 жылдың 6 маусымында Алматы облысында Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы және Панфилов және Уйғыр аудандарының ІІБ қызметкерлері «Нерест-2014» акциясы аясында бірлесіп жүргізген рейд барысында табиғатты қорғау заңнамасы талаптарының бұзылу фактісін анықтады. Іле өзенінің жағасында Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Mercedes-Benz Sprinter» автомашинасын тексеру барысында 978 кг балық табылды (268 кг сазан, 520 кг жайын және 190 кг ақ амур). Сонымен қатар, көлік ішінен электр түрлендіруші, аккумулятор, электросымды шанышқы, резина қайық табылып, тәркіленді. Балық қорына келтірілген залал мөлшері – 447 мың теңгеден астам соманы құрады. Аталған оқиға бойынша жиналған материалдар мен айғақты заттар құқық қорғау органдарына тапсырылды.…

0
0
329