Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астанада тиімді су пайдалану мәселелері талқыланды

«Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 19–20 маусымында Су ресурстары комитеті басқармалары мен бассейн инспекцияларының басшылары мен қызметкерлері үшін «Тиімді су пайдалану мен су үнемдеу: стандарттар мен тетіктер» тақырыбындағы семинар-тренинг өткізді.

Семинар суды үнемдеу мен суды тұтынудың халықаралық тәжірибесі және технологияларымен танысу мақсатында ұйымдастырылды.

Семинардың ашылуында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары Вице-министрі Ерлан Нысанбаев және «Жасыл Академия» ҒБО директоры, ҚР Президентінің жанындағы «жасыл» экономика жөніндегі Кеңес мүшесі, э.ғ.д. Бақыт Есекина сөз сөйледі.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының 2014–2020 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жоспары мен «жасыл» экономика жөніндегі заң жобасындағы су ресурстарын басқару бойынша ұсыныстар талқыланды. Бұл туралы қатысушыларға ҚР ҚОСРМ Су және биологиялық ресурстар департаменті директорының орынбасары М. Жакенов баяндады.

Суды пайдалану мен суды үнемдеу саласындағы халықаралық тәжірибе туралы “i+f process GmbH” өңірлік директоры Ф. Ассман (Германия) және “Ahma Engineers” ЖШС атқарушы директоры В. Олещенко, Финн су форумы, айтып берді.

Семинардың лекторлары ретінде ҚР Статистика агенттігі, «Қазгидромет» РМК, «Казахский Водоканалпроект» АҚ, Назарбаев Университетінің өкілдері және басқалар қатысты.

Отандық компаниялар мен кәсіпорындардың тәжірибесімен таныстыру мақсатында «Астана су арнасы» МҚК-да көшпелі практикалық сабақ ұйымдастырылды.

Тестілеу қорытындысы бойынша қатысушыларға оқығаны жөнінде сертификаттар тапсырылды.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/06/104-69/

0
0
420

Осы тақырып бойынша

Астанада тиімді су пайдалану мәселелері талқыланды - Yvision.kz