«NAMA жобасын әзірлеуге дайындық және энергетика мен көлік салаларында пәрнек газдардың ауаға шығарылуын азайту шараларына инвестиция салуды оқыту» атты өңірлік семинар
Бүгін, 2014 жылғы 17 маусым күні Астана қаласында «NAMA жобасын әзірлеуге дайындық және энергетика мен көлік салаларында пәрнек газдардың ауаға шығарылуын азайту шараларына инвестиция салуды оқыту» атты екі күндік өңірлік семинар басталды. Аталмыш іс-шара Азия Даму Банкінің аймақтағы көмірсуті көп шығаратын елдер Үкіметтеріне (Әзірбайжан, Қазақстан мен Өзбекстан) өңірлік техникалық қолдау көрсету, «Орталық және Батыс Азияда климат өзгеру экономикасы» бағдарламасының «митигация» компоненті шеңберінде өткізіліп жатыр.
Семинарға үш елдің салалық министрліктері мен даму институттарының, энергетика мен көлік компанияларының, халықаралық көпжақты банктер және донорлық ұйымдардың, ҮЕБ-дың өкілдері шақырылды. Семинардың мақсаты – БГ-дың атмосфераға шығарылуын азайтуға бағытталған саясатты әзірлеу мен қаржыландырудың әлемдегі үздік тәжірібиесі мен энергетика және көлік салаларында сынақ жобалар туралы ақпарат алмасу. Семинар бағдарламасы NAMA мониторингін әзірлеу және өткізу әдістерін, NAMA-ның іс жүзіндегі мысалдарын талдауды, қазіргі таңдағы аймақтағы жағдайдың сараптамасы мен NAMA ұсынып отырған әртүрлі компонентердің құрылымы мен оларды қаржыландыру мүмкіншіліктерін талқылауды қамтиды.
