Мазмұнға өту
ecogovkz

Экология Министрлігі

@ecogovkz

Сайтта 2013 ж. 28 қаңтарКазахстан, Астана

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі

рейтинг

100

жазбалар

2 175

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылу

1

Албания «Жасыл көпір» серіктестік бағларламасына қосылды

2014 жылдың 25 маусымында Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров бастаған делегация қызметтік іссапармен Тирана қаласына (Албания) барды. Іссапар аясында Н. Қаппаровтың Албанияның қоршаған ортаны қорғау министрі Лефтер Кокамен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында тараптар табиғатты қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары және Албанияның «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысу мәселелері талқыланды. Кездесу нәтижесінде албандық тарап Қазақстан Президентінің бастамасын қолдап, Лефтер Кока «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының Хартиясына қол қойды. ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі 2014 жылдың 25 маусымында Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров бастаған делегация қызме…

0
0
353

Жайық өзенін балықтандыру жөнінде

2014 жылдың 25 маусымында Жайық өзеніне 1млн. 332 мың дана қортпа шабақтары жіберілді. Бұл шара балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау және өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылды. Қортпа шабақтары Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының тоғандарында өсірілді. Каспий теңізіндегі бекіре тұқымдас балық қорының күрт азаюына байланысты Қазақстанда осы балық түрлерінің шабақтарын жасанды жағдайда өсіріп, табиғи ортаға қосу бағдарламасы жүзеге асырылып отыр. Бекіре тұқымдас балықтардың табиғи қорын қалпына келтірумен жылдық өндірістік қуаты 7 млн. шабақ құрайтын Атырау және Жайық-Атырау балық өсіру зауыттары айналысады. ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі 2014 жылдың 25 маусымында Жайық өзеніне 1млн. 332 мың дана қортпа шабақтары жіберілді. Бұл шара балық…

0
0
230

Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде «Нұр Отан» ХДП бастауыш партия ұйымының жиналысы туралы

2014 жылдың 25 маусымында Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде «Нұр Отан» ХДП астаналық «Бірлік» филиалының «Экология» бастауыш партия ұйымының ашық жиналысы өтті. Жиналысты бастауыш партия ұйымының төрағасы – ҚР ҚОСРМ жауапты хатшысы Анатолий Дерновой жүргізді. Басқосу барысында Еуразиялық интеграция институтының экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов «Еуразиялық экономикалық интеграция – бүгіні мен ертеңі» тақырыбындағы баяндама жасады. Л. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің профессоры Әуелбек Заурбеков еуразиялық интеграцияның елімізде су ресурстарын басқару процессіндегі маңызы жөніндегі дәріс оқыды. Еуразиялық экономикалық одақтың даму перспективаларын талқылауға «Қазгидромет» РМК бас директоры Айбек Меңдіғар…

0
0
446

Өлі киіктердің табылуы жөнінде

2014 жылдың 24 маусымында Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясы мен Егіндікөл аудандық ІІБ жедел іздестіру тобының қызметкерлері, өлі киіктердің табылуы жөніндегі ақпаратты қабылдағаннан кейін, Бауманское селосы маңындағы оқиға орнына барды. Оқиға орнында олар 73 киіктің (оның жетеуі – аналық) өліктерін тапқан. Аталық жануарлардың мүйіздері кесілгендігі анықталды. Жануарлардың қырылуы бойынша Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясы мен «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі 2 комиссия құрды. Комиссия мүшелері оқиға орнында болған жағдайды жан-жақты тексеруде. Алдын-ала жүргізілген есеп бойынша, табиғатқа келтірілген зиян 26 миллионнан астам теңге сомасын құрайды. Құқық қорғау органдары киіктердің қырылу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қо…

0
0
320

ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Алқа мәжілісі туралы

2014 жылдың 24 маусымында Астанада ҚР қоршаған орта және су ресурстары –Вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен ҚР ҚОСРМ Алқа мәжілісі өтті. Басқосу барысында Қазақстанның су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі» РМҚК-ның қызметін жақсарту мәселелері талқыланды. Қазақстанның су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша бірінші кезекте атқарылатын іс-шаралар жөнінде ҚР ҚОСРМ су және биологиялық ресурстар департаментінің директоры Игорь Коваль және Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Болат Бекнияз мәлімдеді. ҚР ҚОСРМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің жануарлар әлемі басқармасының басшысы Бақытбек Дүйсекеев және «Охотзоопром» РМҚК бас директорының орынбасары Жәнібек…

0
0
379

Қазақстанда еріген қар суын жинайтын 30 су қоймасы салынады

ҚазАқпарат – Қазақстанда еріген қар суын жинайтын 30 су қоймасы салынады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен конференцияда ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Болат Бекнияз айтты. Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарлама аясында жасалып жатқан бұл шара “бір оқпен екі қоянды атып алғанмен” бірдей, бір жағынан халықты тасқын судың зардабынан құтқарса, екінші жағынан өңірдегі егістікті жазда суаратын сумен қамтамасыз етеді. «Мемлекет қарауындағы су қоймалары бар өңірлерде төтенше жағдайлар орын алмады деуге де болады. Өйткені біз ол суды су қоймалары арқылы реттеп отырамыз. Ал ондай құрылыстар жоқ жерде табиғатқа байланысты болады. Мәселен Жайық өзенінде су қоймалары өте аз, сондықтан көктем кезінде біз оның тасуын ауыздықтай алмаймыз. О…

0
0
485

Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде

2014 жылдың 19 маусымында Маңғыстау облысында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мен облыстық ішкі істер департаментінің табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен бірлесіп балық қорғау шараларын жүргізу барысында Түпқараған ауданы Каспий теңізінің жағасындағы «Тамшалы» елді мекені маңында Ақтау қаласының тұрғыны басқаруындағы моторлы резина қайығын тоқтатып, тексерді. Тексеру нәтижесінде жалпы салмағы 26 кг құраған 9 бекіре тұқымдас балық және балық аулайтын ау табылып, тәркіленді. Сол күні Түпқараған ауданының «Санасар» елді мекені маңында Ақтау қаласының екі тұрғыны отырған «ВАЗ-21213» маркілі автокөлігі тексерілді. Көлікті тексеру барысында жалпы салмағы 40 кг 21 дана бекіре тұқымдас балық табылды. Екі оқиға бойынша жинақталған материалдар процессуалдық ш…

0
0
329