ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде

2014 жылдың 19 маусымында Маңғыстау облысында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мен облыстық ішкі істер департаментінің табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен бірлесіп балық қорғау шараларын жүргізу барысында Түпқараған ауданы Каспий теңізінің жағасындағы «Тамшалы» елді мекені маңында Ақтау қаласының тұрғыны басқаруындағы моторлы резина қайығын тоқтатып, тексерді.

Тексеру нәтижесінде жалпы салмағы 26 кг құраған 9 бекіре тұқымдас балық және балық аулайтын ау табылып, тәркіленді.

Сол күні Түпқараған ауданының «Санасар» елді мекені маңында Ақтау қаласының екі тұрғыны отырған «ВАЗ-21213» маркілі автокөлігі тексерілді.

Көлікті тексеру барысында жалпы салмағы 40 кг 21 дана бекіре тұқымдас балық табылды.

Екі оқиға бойынша жинақталған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/06/104-72/