Өлі киіктердің табылуы жөнінде
2014 жылдың 24 маусымында Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясы мен Егіндікөл аудандық ІІБ жедел іздестіру тобының қызметкерлері, өлі киіктердің табылуы жөніндегі ақпаратты қабылдағаннан кейін, Бауманское селосы маңындағы оқиға орнына барды.
Оқиға орнында олар 73 киіктің (оның жетеуі – аналық) өліктерін тапқан. Аталық жануарлардың мүйіздері кесілгендігі анықталды.
Жануарлардың қырылуы бойынша Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясы мен «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі 2 комиссия құрды. Комиссия мүшелері оқиға орнында болған жағдайды жан-жақты тексеруде. Алдын-ала жүргізілген есеп бойынша, табиғатқа келтірілген зиян 26 миллионнан астам теңге сомасын құрайды.
Құқық қорғау органдары киіктердің қырылу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі
