Мазмұнға өту
dvdkzokz

dvdkzokz

Сайтта 2014 ж. 24 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

508

пікірлер

0

тіркелуші

4

жазылымдар

0

Қызылордада өткен жылы 13700 шетелдікке рұқсат рәсімделіп, бюджетке салық ретінде 151 миллион теңге түсірілді

2016 жылдың 12 айында Көші-қон полициясы құрылымдарының қызметкерлерімен облыс аумағына келуші шетел азаматтарына бақылау жасау, көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді анықтау және оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Жалпы жыл басынан облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген 31 528 шетел азаматтары уақытша тіркеуге алынды, оның 1 266 алыс шетелдерден, ал 30 262 ТМД елдерінен келгендер. Облыс көлемінде заңсыз көші-қонға қарсы күресу мақсатында арнайы рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзған 5426 шетелдік анықталып, олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 160 ТМД елдерінің азаматтары республика аумағынан аластатылды. Өзбекстан Республикасының 21 азаматына және Қытай халық республикасының бір азаматына қат…

0
0
339

Ішкі істер департаменті басшылығы ағымдағы жылдың 07 қаңтарында күшіне енген заңның талаптарын түсіндірді

Ағымдағы жылдың 09 желтоқсанында Орталық коммуникациялар қызметінде 2016 жылдың 22 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қатысты түсініктеме беру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті. Брифингке Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлы, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның директоры Абибуллаева Аида Ибрагимқызы және ОІІД Көші-қон полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Умаров Сарсен Кенжеұлы қатысып, аталған заңды қабылдаудың маңызы мен мақсатын талдап берді. Департамент бастығының орынбасары Ә.Шаймағамбетовтің мәлімдеу…

0
0
662

Күзет ұйымдарымен бірлесіп жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 161 құқық бұзушылық анықталды

Күзет қызметін бақылау бөлімі – Қазақстан Республикасы аумағында күзет қызметіне бақылау жасай отырып, заңды және жеке тұлғаларға күзет қызметінің барлық түрімен айналысуға, сонымен қатар, күзет-дабыл қондырғыларын монтаждау, жобалау және техникалық қызмет көрсету қызметтерін жүзеге асырады. Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімінде күзет қызметінің барлық түрімен айналысатын 171 жеке күзет ұйымдары тіркеуде тұр, оның ішінде өзге облыстардан келіп күзет қызметімен айналысатын 32 филиалдар бар. Күзет қызметін бақылау бөлімі жеке күзет ұйымдарының қызметтеріне бақылау жасаумен шектеліп қоймай, күзет қызметінің сапасын арттырып, қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы әрекет жасау шараларын ұйымдастыруда қоян-қолтық араласып іс-шаралар атқаруда. Облыс көлемінде…

0
0
744

Қызылордада «Құқық тәртібі» шарасының бірінші күнінде 772 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 12-14 күндері аралығында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мемлекеттік мейрамын мерекелеу қарсаңында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп, жұмыс барысы күшейтілген жүйеге көшкен болатын. Аталған іс-шараға 1000-ға жуық ІІО-ның жеке құрамы жұмылдырылып, іс-шараның бірінші күнінде барлығы 15 қылмыстың беті ашылып, 772 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол-көлік оқиғасына тікелей септігін тигізетін өрескел жол қозғалыс ережесін бұзу фактілерінің бірі – автокөлікті мас күйінде басқарған 14 жүргізуші анықталса, қауіпсіздік…

0
0
494

Қызылордада 48 жерде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған белгілер мен тұрақтар белгіленген

«Тең мүмкіндіктер жолы» атты республикалық акциясы аясында қала орталығында көше-жол тораптарында орналасқан медициналық мекемелер, сауда орталықтарына, вокзалдарға, әуежайларға және тағы басқа да мүмкіндігі шектеулі адамның жаппай баратын 48 жерге 5.15 - «Тұрақ орны» және 7.17 - «Мүгедектер» жол белгілері мен тұрақ орындары белгіленіп және ғимараттар пандустармен қамтылған. Мүгедектердің қозғалысы үшін қауіпсіз жол жағдайларын, зағип жаяу жүргіншілер үшін бағдаршам нысанын синхронды дыбыс сигналдары және кері санау таймерлерімен қамтамасыз етілді. Қала орталығында орналасқан ғимараттардың алдына мүмкіндіктері шектеулі жандардың еркін кіріп-шығуына (көтеріліп-түсуіне) ыңғайлы пандустармен қамтуға, ғимараттарға қарасты автотұрақтарды мүгедектер үшін арнайы көлік қоятын орындармен жабдықтау…

0
0
649

Қызылордалық полицейлер «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы өкілдерімен бірге азаматтардың сауалдарына жауап берді

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Қызылорда қаласына келді. Аталмыш акцияның басты мақсаты – азаматтарды мазалаған мәселелерге ортақтасу, түрлі бағыттар бойынша құқықтық кеңестер беру болып табылады. ҚР мәдениет және спорт, ғылым және білім, әділет, ұлттық экономика, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ақпарат және коммуникация, ауыл шаруашылығы, Ішкі істер министрліктерінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, этномәдени бірлестіктерінің мүшелері сынды барлығы 270 сала қызметкерлерінің басын құраған іс-шарадан Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті де шет қалмай, халықпен кездесіп, сұрақтарына жауап беруге тырысты. Шараға департаменттің Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Ә…

0
0
975

2016 жылдың 10 айында Қызылорда облысы көлемінде 776 алаяқтық қылмысы тіркелген

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Орталық коммуникациялар қызметінде «Тұрғын үй, жер алу және өзге де мәселелер бойынша алаяқтықпен қозғалған қылмыстық істер және алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті. Брифингке Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті Криминалды полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Тұрсекеев Ғани Асанұлы қатысып, өңірімізде тіркелген алаяқтық қылмыстарын талдап берді. 2016 жылдың 10 айында Қызылорда облысы көлемінде 776 алаяқтық қылмыстары тіркеліп, 2015 жылмен салыстырғанда 37,9 пайызға азайған. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде аталған қылмыстың 64,4 пайызы немесе 479 ашылып, қылмыскерлерге қатысты тиісті шаралар қолданылды. Тіркелген алаяқтық қылмыс…

0
0
1104

Қызылордада байқау жеңімпаздары марапатталды

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылды едәуір жоғары деңгейде ұйымдастырып, есірткіге қарсы қызметті үйлестіру бағытында жастар арасында «Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...» тақырыбында эссе жазудан шығармашылық байқау, «Берік отбасы – есірткіден алыс!» деген ұранмен отбасылық сайыс, «Есірткісіз өмір ғажайып!» тақырыбында үгіт бригадалар сайысын өткізген болатын. Аталған сайыстар әрбір аудан орталықтары мен Қызылорда, Байқоңыр қалаларында өткізілді. Аталмыш байқауларды өткізудегі басты мақсат – есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуын болдырмау болып табылады. Байқауларға 100-ден астам жасөспір…

0
0
1565

«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаудың маңызы

Қазіргі таңда республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, мемлекеттік органдарда, оның ішінде құқық қорғау органдарында ҚР Ішкі істер министрлігінің ведомствоаралық комиссиямен бірлесіп дайындалған «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң жобасы қызу талқылану үстінде. Қазақстандағы дактилоскопия мен геномдық тіркеу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін аталған заң жобасы Парламентке 2 рет жолданып, қоғамдағы кереағар пікірталастарға байланысты Үкіметке кері қайтарылған болатын. Осыған байланысты, Орталық коммуникациялар қызметінде бірнеше рет құқық қорғау органдары, сот, Сыртқы істер министрлігі, адвокаттар одағы, ғалымдар, кәсіподақ, сарапшылардың қатысуымен брифингтер өткізіліп, заң жобасы жан-жақты талқылануда. Аталмыш заң жобасы ағымдағы жылдың маусым айында өткен Қ…

0
0
1199

Қызылордада «Жасөспірім» шарасының 8 күнінде 477 жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ағымдағы жылдың қараша айының 01-10 күндері аралығында жасөспірімдер қылмысын ескерту және алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ теріс қылықтармен айналысатын жасөспірімдерді анықтап, дер кезінде шара қолдану және жасөспірімдер алдындағы ата-аналардың, заңды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында республика көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде. Аталған кешенді шараға ІІО-нің жеке құрамы жұмылдырылып, жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, білім беру, денсаулық сақтау органдарының, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты филиалы өкілдерінің қатысуымен алкоголь ішімдіктерін ішетін, заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз түнгі мезгілде немесе сабақ уақытында тыйым салынған…

0
0
675