Қызылордалық полицейлер есірткі затын сату фактісін әшкереледі
2017 жылғы 28 қаңтарда полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел ұйымдастыру шаралары барысында 2000 теңгеге 2 дана газет қиындысына оралған өзіне тән ерекше иісі бар затты сатпақ болған жерінен 1970 жылғы Сырдария ауданының тұрғыны ұсталды. Тәркіленген затқа тиісті сараптама тағайындалып, нәтижесінде 3,31 гр-ды және 4,0 гр.-ды құрайтын «кептірілген марихуана» екендігі дәлелденді. Ұсталған азаматтың үйін тексеру барысында тағы 1 жарым килограмға жуық есірткі заты табылды. Оны күдікті үй ауласындағы жертөлеге полиэтилен пакетіне орап тығып қойған. Затқа сараптама тағайындалып, жалпы салмағы 1 кг. 260 гр.-ды құрайтын «кептірілген марихуана» екендігі белгілі болды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қоз…