ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қызылордалық полицейлер есірткі затын сату фактісін әшкереледі

2017 жылғы 28 қаңтарда полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел ұйымдастыру шаралары барысында 2000 теңгеге 2 дана газет қиындысына оралған өзіне тән ерекше иісі бар затты сатпақ болған жерінен 1970 жылғы Сырдария ауданының тұрғыны ұсталды. Тәркіленген затқа тиісті сараптама тағайындалып, нәтижесінде 3,31 гр-ды және 4,0 гр.-ды құрайтын «кептірілген марихуана» екендігі дәлелденді.

Ұсталған азаматтың үйін тексеру барысында тағы 1 жарым килограмға жуық есірткі заты табылды. Оны күдікті үй ауласындағы жертөлеге полиэтилен пакетіне орап тығып қойған. Затқа сараптама тағайындалып, жалпы салмағы 1 кг. 260 гр.-ды құрайтын «кептірілген марихуана» екендігі белгілі болды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Сырдария АІІб-нің Уақытша ұстау абақтасына қамаққа алынды. Тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Дәл осындай факт 16 ақпан күні де тіркелген. Есірткі затын саудалап тұрған жерінен 1968 жылы туылған Бесарық ауылының тұрғыны ұсталды. Оқиға орнынан айғақ зат ретінде 2 дана газет қиындысына оралған жасыл түсті өзіне тән иісі бар зат алынды. Белгісіз затқа сараптама тағайындалып, 5,39 гр.-ды және 5,83 гр.-ды құрайтын «кептірілген марихуана» екендігі анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі