Қызылордада департаменттің қызмет салалары волейбол алаңында жолдастық кездесу өткізді
Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай, 2017 жылдың 20 мамырында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің қызмет салалары арасында «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының спорт залында волейболдан жарыс өтті. Аталмаш жарыстың өзге жарыстардан басты ерекшілігі – алаңда команда мүшелерімен қатар департамент басшылығы да ойын өрнегін көрсетті. Спорттық додаға департамент бастығының орынбасарларынан және басқарма бастықтары мен орынбасарларынан құралған команда, жедел және тергеу құрылымдары, жедел емес басқарма, бөлім қызметкерлерінің командасы, Жедел қимылдайтын арнайы жасақ командасы және Оқу-жаттығу басқармасынан жасақталған 6 команда қатысты. Полиция қызметкерлері арасындағы бірлікті, командалық қолдауды нығайтуды мақсат еткен бұл спорттық кездесу өте тартысты өтті. Спорттық бәсекен…