Мазмұнға өту
dvd_sko

SQO PD

@dvd_sko

Сайтта 2013 ж. 29 тамызКазахстан, Петропавловск

Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті / Департамент полиции Северо-Казахстанской области

рейтинг

250

жазбалар

1 959

пікірлер

3

тіркелуші

14

жазылымдар

2

СҚО полицейлері үш күн ішінде 1000 астам контрафактілік DVD-дискілерді тәркіледі

«Контрафакт» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында солтүстікқазақстандық полицейлер облыстық прокуратураның қызметкерлерімен бірлесіп контрафактілік өнімдерді дайындау және сатумен заңсыз айналысып жүрген тұлғалардың қылмыстық әрекетін анықтау мен әшкерелеу бойынша 24 рейдтік іс-шара жүргізді. Аудио-бейне өнімдерін сату орындары, 20 компьютерлік клуб, 8 интернет-кафе, кабельдік және жерсеріктік телевидение орнататын 4 фирма-оператор тексерілді. Тексеру барысында ҚР ҚК 198-бабы бойынша контрафактілік өнімдерді таратудың 17 фактісі анықталды және ҚР ҚК 206-бабы бойынша 1 факті анықталды. СҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Мыңбай Асылбековтің айтуынша, заңсыз айналымнан 1012 контрафактілік DVD дискі алынды. Еркін айналымға шығаруға тыйым салынған тауарларды са…

0
0
364

ҚР Конституциясының құрдасы жол-патрульдік полициясында адал қызмет етуде

Үстіміздегі жылғы тамыздың соңғы жұлдызы атаулы күн болмақ. Бұл күні Ата заңымыз, еліміздің негізгі заңы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 20 жыл толғалы отыр. Бұл жылдары халқымыз көптеген айтулы кезеңдердің куәсі болды. Осыдан жиырма жыл бұрын Ата Заңымыз қабылданған жылы дүниеге келген балалар бүгінде ер жетіп азамат болды. Солардың бірі – Конституция құрдасы 20 жасар Қуаныш Серіков. Қуаныш 1995 жылы СҚО, Мағжан Жұмабаев ауданының Байшылық ауылында дүниеге келген. 2012 жылы аудан орталығы Булаево қаласының № 4 орта мектебін жақсы деген бағаға бітірген. 2013 жылдың 31 мамыры мен 2014 жылдың 3 маусымы аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрлық әскерлерінде әскери борышын өтеген. Қуаныш әскери борышын аман-есен өтеп келген соң, құжаттарын полицияға тап…

0
0
1171

Петропавлда жүргізушілерді көшелерде қозғалыстың шектелуі жайында радио арқылы ақпараттандыруда

Петропавл қаласындағы жолдарға жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты, бірқатар көшелерде көлік қозғалысы шектелген. Көшелердегі көлік кептелісін азайту үшін Әкімшілік полиция басқармасы шаралар қабылдауда. Солардың бірі – радио арқылы жол қозғалысына қатысушыларды қай көшелердің жабылғаны жайында құлақтандыру. Мұндай ақпаратты енді күн сайын әрбір петропавлдық өз көлігінің ішінде орналасқан радиоқабылдағыш арқылы ести алады. Мұндай шара Петропавлда алғаш рет қолға алынып отыр. «Көшелердегі көлік кептелісін азайту және жүргізушілерді қай көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны жайында хабардар ету үшін шаралар қабылдаудамыз. Бұл жол қозғалысына қатысушыларға өздерінің жүру бағытын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Қабылданып жатқан шаралардың басты мақсаты – жол қозға…

0
0
345

СҚО-да полиция басшылығы халықтың ішкі істер органдарына деген сенімінің деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде

Ішкі істер департаментінің басшылығы қызметкерлері халыққа қызмет көрсету саласында күн сайын қызмет атқарып жүрген полиция бөліністеріне тексеру жүргізуде. ІІД бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов Петропавл қаласы ІІБ-ның екінші полиция бөлімін, Көші-қон және Әкімшілік полиция басқармаларын, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын жеке өзі барып тексерген болатын. ІІД бөліністерінің жұмысын ұйымдастыру әрдайым облыстық полиция басшылығының жеке бақылауында. Полиция қызметкерлерінің басты мақсаты: құқық қорғау органдарына халық сенімінің деңгейін арттыру. ІІД Көші-қон полиция басқармасы Жұмабаев көшесі, 118 үй мекенжайы бойынша Петропавл қаласы ІІБ әкімшілік ғимаратында орналасқан. Мемлекеттік қызмет түрлерін сапалы көрсетуді қамтамасыз ету үшін бөліністің үй-жайларына к…

0
0
386

Петропавл полицейлері балалар сауықтыру лагерінде есірткіге қарсы мазмұнда акция өткізді

Петропавл қаласы ІІБ Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілдері облыс орталығындағы орта мектептердің оқушылары үшін ұмытылмас іс-шара ұйымдастырды. Полицейлер «Достық» балалар сауықтыру лагерінде балаларға бейнероликтер көрсетіп, оларды қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында сыйлықтар үлестірілді. Оқушылар арасында ұйымдастырылған кездесудің бастамашылары полицейлер. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады. Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі қызметкерлерінің басты мақсаты - өскелең ұрпақтың санасында есірткіге төтеп беру қабілетін қалыптастыру. «Достық» лагеріндегі кездесуге облыс орталығындағы орта мектептердің 5 жасаққа бөлінген 129 оқушысы қатысты. Әрбір жасақпен «спайс» шылым қоспасы және оның салдары жайында баяндалатын бейнероликтер көрсетілді. Ұстаздард…

0
0
507

СҚО-да Солтүстік өңірдегі қалалық басқармалар мен аудандық ішкі істер бөлімдері бастықтары орынбасарларының жұмыс кездесуі өтті

Қазіргі заманғы полицей қандай болуы керек, полицейлер жұмысының сапасын арттыруда қандай шаралар қабылданып жатқаны және тағы басқа сұрақтар СҚО ІІД-де өткен жұмыс кеңесінің басты тақырыбы болды. ҚР ІІМ оқу-әдістемелік жиындары аясында солтүстікқазақстандық полиция ведомствосында Астана қ., Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының және көліктегі ІІД, қалалық басқармалар мен аудандық ішкі істер бөлімдері бастықтары орынбасарларының жұмыс кездесуі өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – полиция бөліністерінің кәсібилігін нығайту және жеке құрамды тәрбиелеу бойынша жұмыстағы негізгі әдістер мен басымдықтарды көрсету. Іс-шара қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезде қаза болған Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған ескерткі…

0
0
358

СҚО-да жыл басынан бері өткен жылдары жасалған 300-ден астам қылмыс ашылған

Азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру мақсатында облыстық ІІД бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләловтің бастамасымен «өткен жылдар» санатындағы қылмыстардың бетін ашу жөніндегі жедел-тергеу тобы құрылды. Ай сайын оның төрағалық етуімен ашылмаған қылмыстар жөнінде жедел-тергеу топтарын тыңдау бойынша жұмыс кеңестері өткізіледі. Биылғы жылы солтүстікқазақстандық жедел уәкілдермен «өткен жылдар» санатындағы 313 қылмыс ашылды, оның 293-і шағын және орташа ауырлықтағы, 19-ы ауыр және кісі өліміне қатысты қылмыстар. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасаған қылмыскерлерді іздестіруге ерекше мән беріледі. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін жыл басынан бері 24 қылмыскер ұсталды, оның 9-ы «өткен жылдар» санатынан. Петропавлда кәсіпкерді өлтірген Қазақстанның азаматы 7 жы…

0
0
668

Демалыс күндері полицейлер жүргізген рейдтер нәтижесінде 14 солтүстікқазақстандық маскүнемдігі үшін жүргізуші құқығынан 3 жылға айырылды

Петропавл қаласы ІІБ жол-патрульдік полицейлері демалыс күндері (15, 16 тамыз) күшейтілген түрде қызмет өткерді. Облыс орталығының жолдарында мас күйдегі жүргізушілерді және Жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарын анықтау мен олардың алдын алу бойынша рейдтер өткізілді. Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, екі демалыс күні ішінде өңір жолдарында Жол қозғалысы ережелерінің (ЖҚЕ) 486 бұзушылығы анықталды. Олардың 317-сі өрескел бұзушылықтар (көлік тізгінінде отырып ұялы телефонмен сөйлесу, қауіпсіздік белдігін тақпау, қарсы бетке шығу және басқалары). Көлік мас күйде басқарған 14 жүргізуші ұсталды. СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дәурен Қазбеков мәлімдегендей, 2015 жылдың басынан бері мас жүргізушілердің кі…

0
0
387

Петропавлдықтар полицияға жыл басынан бері 300 бірлік жарақат салатын және газды-травматикалық қару тапсырды

Петропавл қаласының тұрғындары акция аясында тапсырған қарулары үшін 15 миллион теңге алады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 1 қаңтардан бастап жыл соңына дейін жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар тіркелген травматикалық және газды қаруды ақылы сатып алу бойынша акция өтуде. Жыл басынан бері Петропавл қаласының ІІБ-на қару тапсыру жайлы 364 өтініш келіп түскен. Облыс орталығының 27-жастағы тұрғыны 2013 жылы газды-травматикалық қару сатып алған. Бұл қаруын ерікті түрде тапсырғаны үшін ол 40 мың теңге алды. «Қуанышыма орай, екі жыл бойы мен бұл қаруды пайдаланған жоқпын. Акцияның болып жатқаны жайлы естіген соң, қаруымды тапсыруға келдім. Үйде қарудың болмағаны өзім үшін жақсы ғой, себебі, оқыс оқиғалардың көбі осы қарудың кесірінен болып жатады», - деп қала тұрғыны өз ойы…

0
0
635

Петропавлда Бүкіләлемдік адам саудасына қарсы күрес күнін атап өтуде

Бүкіләлемдік адам саудасына қарсы күрес күніне орай СҚО ІІД қызметкерлері қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп бірқатар атаулы іс-шаралар өткізді. Полицейлер мен белсенділердің басты мақсаты – адам саудасына байланысты проблемаларға, осы салаға байланысты қылмыстардың алдын алу әдістеріне адамдардың назарын аударту. Бүкіләлемдік адам саудасына қарсы күрес күні 2014 жылғы 30 шілдеден бері халықаралық қауымдастықпен аталып өтілуде. Облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері осы күнге орайластырылған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге алдын ала белсенді кірісіп кетті. «Шілденің 25 мен тамыздың 1 аралығында облыс орталығында түрлі акциялар өткізілу үстінде. Тұрғындарға «116-16» сенім телефонының жұмыс істейтіндігі жөнінде айтылуда. Сонымен қатар, акция аясында…

0
0
794