Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

СҚО полицейлері арбаушылар мен жеңгетайлардан қалай сақтануға болатынын айтып берді

А.С. Слухаевский ат. Бірінші лицейдің 11-сынып оқушыларының осы және өзге де сұрақтарына СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жауап берді.

Әңгімелесу «STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде өтті. Полицейлер жұмысқа және жыныстық қатынасқа пайдаланумен байланысты қылмыстардың алдын алуға көңіл бөле отырып, алғаш рет акцияның ауқымын кеңейте түсті, мектеп түлектерімен профилактикалық кездесу өткізді.

Тәртіп сақшылары балалармен қылмыс жасауға түрткі болатын тұрмыстағы жағдайларды талқылады. Көп күш жұмсамай-ақ «жақсы өмір сүремін» дегендер жиі кездеседі. Осындай арманға берілгендер жеңгетайлардың, адамдарды арбаушылардың құрбанына айналады. Адам саудасымен байланысты қылмыстардың көбі құқықтық сауатсыздықтан болады.

«Бүгінгі мектеп бітірушілерді алда үлкен өмірдің күтіп тұрғаны белгілі. Олар күдікті жандар мен интернет-ресурстардың зиянды әсерінен қорғанудың жолын білгені жөн. Балалардың көбі басқа қалалар мен елдердің ЖОО-да оқуын жалғастыруды жоспарлайды, атап айтқанда олар адам саудасының құрбанына айналуы мүмкін», - деп тоқтала кетті СҚО ПД КПБ бастығы полиция полковнигі Пётр Климов.

Сондай-ақ «STOP-трафик» іс-шарасы барысында жыныстық және жұмысқа пайдалану фактілерін анықтау мүмкіндігі басым сауналар, көңіл көтеретін орындар, құрылыс нысандары, қосалқы шаруашылықтар мен басқа да орындарда рейд жүргізілді. 5 әйел есепке қойылды, жезөкшелікпен айналысуға үй-жай бергені үшін 2 әкімшілік хаттама толтырылды. Қала сауналарында тіркелген жеңгетайлық фактісі бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
379

Осы тақырып бойынша

СҚО полицейлері арбаушылар мен жеңгетайлардан қалай сақтануға болатынын айтып берді - Yvision.kz