Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

СҚО полицейлері үш күнде жүргізуші куәлігінен айырылған 44 жүргізушіні тоқтатты

Аумақтық жергілікті полиция қызметі бөліністерінің 500-ге тарта қызметкері көлік басқару құқығынан айырылған тұлғалардың жол үстінде темір тұлпар тізгіндеу фактілерін және Жол қоғзғалысы ережелерінің басқа да фактілерін анықтауға жұмылдырылды.

«Audi В4» автокөлігінің иесі 33 жастағы петропавлдық 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырыла тұра өткен жылдың қыркүйек айында тағы рөлген отырған. Оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 612-бабының 3-бөлігі бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұл жолы ол дәл осы баптың 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады, яғни ол жауапқа тартылған бір жылдың ішінде заң бұзушылыққа қайта жол берген.

«Жалпы жедел-профилактикалық іс-шараның 3 күнінде облыс жолдарында көлік басқару құқығы жоқ – 50 және көлік жүргізу құқығынан айырылған – 44 жүргізуші жауапкершілікке тартылды», - СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. – Мұндай жүргізушілер жол қозғалысының өзге қатысушыларына қауіп тудыратынын түсінуілері тиіс».

Операция аясында Жол қозғалысы ережелерінің 1500 астам бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 267 фактіде жүргізушілер мен олардың жолаушылары қауіпсіздік белбеуін тақпаған, 168 фактіде жүргізушілер көлік жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлескен және 164 фактіде жылдамдықты асырған.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
404

Осы тақырып бойынша

СҚО полицейлері үш күнде жүргізуші куәлігінен айырылған 44 жүргізушіні тоқтатты - Yvision.kz