Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Солтүстікте құқықтық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін күзет қызметкерлері марапатталды

Жыл сайынғы дәстүрге сай мұнда 200-ге жуық полиция қызметкері, әскери қызметшілер мен құқықтық тәртіпті сақтауға қатысатын жұртшылық өкілдері жиналады. Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылатын техниканы тексерді. Олар – патрульдік полицияның, жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың және күзет құрылымдарының көліктері. «Азаматтарға қауіпсіз орта жасау – біздің басты міндетіміз. Бүгінде осы міндеттерді орындау үшін біз қажетті ресурстармен жабдықталғанбыз. Келіп түскен әрбір қоңырауды назарға алып, шұғыл шаралар қабылдау қажет», - деді полиция ведомствосының басшысы.

Қоғамдық тәртіпті сақтауға күзет құрылымдарының қызметкерлері де өз үлестерін қосуда. Мобильдік топтардың 32 экипажы жеке күзет фирма-операторларының орталықтандырылған бақылау пультіне келіп түсетін дабыл белгілеріне тәулік бойы әрекет етіп отырады. Өзара іс-қимыл нәтижесінде күзетшілер 17 қылмыстың ашылуына қатысты. 335 адамды ұстап, оларды ішкі істер органдарына жеткізді, 340 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Сондай-ақ, күзетілетін объектілерде 18 ұрлық пен құқық бұзушылықты болдырмады. Марат Төлебаев қызметте ерекшеленген күзет құрылымдарының өкілдері мен патрульдік полицияның қызметкерлерін марапаттады. Марапатталғандардың арасында күзет агенттіктерінің бірінің басшысы да бар. Оның қарамағындағы қызметкер – Денис Козлов сәуір айында вокзалда аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.

Сондай-ақ, облыстық полиция ведомствосының бастығы патрульдік полицияның қызметкерлерін де марапаттады. Жеке құрамға Петропавл қаласындағы жедел жағдай жеткізіліп, жасалған қылмыстар мен іздестіріліп жатқан тұлғалардың белгілері, жоғалған мүліктер мен басқа да оқиғалар айтылды. Іс-шара салтанатты маршпен аяқталды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
346

Осы тақырып бойынша

Солтүстікте құқықтық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін күзет қызметкерлері марапатталды - Yvision.kz