СҚО-да Тайынша ауданында адасып кеткен 5 жастағы баланы полицейлер жақындарына қайтарды
Тұрып жатқан мекенжайын айта алмаған. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бұл оқиға туралы кезекші бөлімге хабарлады. Тез арада учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Ерлан Ысмайылов келіп жетті. Ол баланы көлікке отырғызып, жағдайды егжей-тегжейлі сұрады. Аудан орталығының шеткі жақтарын аралау кезінде бүлдіршін өз үйін танып жол көрсетіп, өз күшімен іздей бастаған туыстарына аман-есен қайтарылды.
«Мұндай жағдайлар орын алып тұрады», - дейді Тайынша ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрлыжан Ақтанов. – Сондықтан ата-аналардан балаларына көңіл бөліп, көзден таса қылмауларын сұраймыз. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор баланың анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді».
СҚО ПД баспасөз қызметі
