Б. Нұрымбетов Павлодар обл бизнесін сәтті бастаған «Еңбек» мем.бағдар-ның қатысушыларын құттықтады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен кездесті. Сондай-ақ, ҚР Еңбекминінің басшысы қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік оңалту орталығы мен жұмыспен қамту орталығында болды. Кездесулер барысында Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп, жұмыссыздар мен мүгедектігі бар азаматтарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.Біржан Нұрымбетов Павлодарға келгеннен кейін бірден «Ардагерлер үйі» қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік о…