Маңғыстау облысында көпбалалы отбасы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бойынша бизнесті іске қосады
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданынан көпбалалы отбасы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалғаннан кейін кедейлік шегінен төмен тұратын отбасылар санатынан шығып, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бойынша өз ісін ашуға дайындалуда.
Берікбай Кенжеев бұрын жалдамалы автобус жүргізушісі болып жұмыс істеген, ал жұбайы Рабиға Дүйсенова күйеуіне кондуктор ретінде көмектескен. АӘК-ке өтініш бергенге дейін, олардың 7 адамнан тұратын отбасыларының жеке баспаналары болған жоқ, олардың тек уақытша үйді жалға алу мүмкіндігі ғана болған. Ағымдағы жылғы сәуір айынан бастап АӘК ала бастады, тұрғын үй жағдайлары жақсарды, үйлерінің құрылысын аяқтады.
Ерлі-зайыптылар мемлекет тарапынан қолдау болғанын дұрыс, бірақ үнемі әлеуметтік көмек алғаннан гөрі жеке бизнесіңмен айналысқан жақсы деп есептейді. Жеке кәсіптерін ашу мақсатында Берікбай мен Рабиға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кредит алуға өтініш берді. Ерлі-зайыптылар аудан ішінде жолаушылар тасымалын ұйымдастырудың бизнес-жоспарын дайындады, жақын арада жеке автобус сатып алуға ақша алатын болады.
Маңғыстау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша Берікбай мен Рабиғаның отбасына ай сайын 140 923 теңге, жалпы сомасы 1 млн 667 мың 589 теңге көлемінде АӘК төленіп келген. Ағымдағы жылдың қазан айында ерлі-зайыптылар материалдық жағдайының жақсаруына байланысты атаулы әлеуметтік көмектен бас тарту туралы өз еріктерімен қолхат жазып, оларға АӘК төлеу тоқтатылды.
Бұл отбасының жетістікке жетуі өңірдегі жалғыз оқиға емес. Осыған ұқсас мысал Жаңаөзен қаласында да орын алған, онда 4 баланың анасы Несібелі Назарова 505 мың теңге көлемінде мемлекеттік грант алғаннан кейін үйде тігін шеберханасын ашты.
«Бүгінгі күні 1041 адам тұрақты жұмыс орындарына, 71 адам біліктілікті арттыру, қайта даярлау және қайта оқыту курстарына, 511 адам қоғамдық жұмыс орындарына, 75 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 12 адам жастар практикасына жіберілді», – деді АӘК алушыларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту туралы, өңірлік Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қуаныш Берішбаев.
Маңғыстау облысында жыл басынан бері 9,9 мың отбасына немесе 54,8 мың адамға АӘК тағайындалды. Орташа есеппен отбасына 100 мың теңге шығады, айына ең көп тағайындалған сома – 312 мың теңге. Ағымдағы жылы өңірде АӘК-ке 4,4 млрд теңге көзделген, оның 4,2 млрд теңгесі төленді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылғы 7 қазанда ҚР Үкіметі отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу жоспарланып отырған АӘК көрсетудің жаңа тетіктерін таныстырған болатын.
«Ең басты принцип – мемлекет шын мәнінде көмекке мұқтаж адамдарға, бірінші кезекте балалар мен көпбалалы отбасыларға көмектеседі! Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Мемлекет жұмысқа орналастыруға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Мемлекеттік көмекке – көп балалы отбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, табысы аз отбасылардағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет беру кіреді», – деді Біржан Нұрымбетов.
Министрдің айтуынша, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар табысына қарамастан төленеді.
АӘК табысы аз отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ы тағайындаудың шекті критерийі болып қала береді. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады.
Табысы аз отбасылардан шыққан балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізу ұсынылады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімімен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ оларға мектепке дейін жол жүру шығындары өтелетін болады. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.
Бизнес по организации пассажирских перевозок запускает многодетная семья из Мангистауской области
Многодетная семья из Мунайлинского района Мангистауской области после назначения адресной социальной помощи (далее – АСП) вышла из категории семей, проживающих ниже черты бедности и готовится открыть собственное дело по организации пассажирских перевозок.
Берикбай Кенжеев раньше работал по найму водителем автобуса, а его супруга Рабига Дуйсенова помогала мужу в качестве кондуктора. До обращения за АСП их семья, состоящая из 7 человек, даже не имела своего жилья, могла себе позволить только арендовать времянку. С апреля месяца т.г. начали получать АСП, улучшили материально-бытовые условия, закончили строительство дома.
Супруги считает, что поддержка от государства должна быть, но иметь свой бизнес лучше, чем постоянно получать соцпомощь. Для открытия собственного дела Берикбай с Рабигой подали заявку на получение кредита в рамках Государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 – 2021 годы «Еңбек». Супруги подготовили бизнес-план по организации пассажирских перевозок внутри района и уже совсем скоро получат деньги на приобретение собственного автобуса.
По информации Управления координации занятости и социальных программ Мангистауской области, семье Берикбая и Рабиги была назначена ежемесячная выплата АСП в размере 140 923 тенге, на общую сумму 1 млн 667 тыс 589 тенге. В октябре т.г. супруги написали расписку об отказе от адресной соцпомощи, в связи с улучшением материально-бытовых условий, выплата АСП прекращена.
История успеха этой семьи не единичный случай. Похожий пример есть и в городе Жанаозен, где мать 4 детей Несибели Назарова после получения государственного гранта в размере 505 тыс. тенге открыла швейный цех на дому.
«На сегодняшний день 1041 человек трудоустроен на постоянные рабочие места, 71 человек направлен на курсы повышения квалификации, переподготовки и переобучения, 511 человек трудоустроены на общественные рабочие места, 75 человек – на социальные рабочие места, 12 – направлены на молодежную практику», – проинформировал о вовлечении получателей АСП в активные меры содействия занятости руководитель областного УКЗСП Куаныш Беришбаев.
С начала года в Мангистауской области АСП назначена 9,9 тыс. семьям или 54,8 тыс. человек. В среднем на семью выходит 100 тыс. тенге, максимально назначенная в месяц сумма – 312 тыс. тенге. Всего в регионе на выплату АСП в этом году предусмотрено 4,4 млрд тенге, из которых уже выплачено 4,2 млрд тенге.
Как сообщалось ранее, 7 октября т.г. на заседании Правительства РК Министр труда и социальной защиты Биржан Нурымбетов презентовал новые механизмы оказания АСП, которые планируется внедрить в Казахстане с 1 января 2020 года.
«Основной принцип – государство будет помогать тем, кто действительно нуждается в помощи, в первую очередь детям и многодетным семьям! Трудоспособные граждане должны работать, государство поможет в трудоустройстве или занятии малым бизнесом. Государственная помощь будет включать в себя: поддержку многодетных семей, адресную социальную помощь малообеспеченным семьям, гарантированный социальный пакет для детей из малообеспеченных семей», – сообщил Биржан Нурымбетов.
По словам министра, поддержка многодетных семей будет обеспечена за счет введения государственного пособия из средств республиканского бюджета. Данное госпособие будет выплачиваться всем многодетным семьям (имеющим 4 и более несовершеннолетних детей), вне зависимости от их дохода.
АСП будет выплачиваться малообеспеченным семьям, в том числе и многодетным. Пороговый критерий для назначения в 70% от ПМ остается. Если трудоспособные члены семьи отказываются от предложенной работы и мер содействия занятости, то выплата АСП будет прекращаться не только им, но и всей семье.
Для детей из малообеспеченных семей предлагается внедрить гарантированный социальный пакет. Детей в возрасте от 1 года до 6 лет обеспечат продуктовыми наборами и гигиеническими принадлежностями, в возрасте от 6 до 18 лет – горячим питанием в школах, учебными принадлежностями и школьной одеждой, также им будут возмещаться расходы на проезд до школы. Медицинская помощь, в том числе стоматологическая, детям до 18 лет будет предоставляться в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и обязательного социального медицинского страхования.
