Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шығыс Қазақстан облысында 30 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды.

2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында 30 866 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 20 171 адам жұмысқа орналастырылса, оның 14 332-сі немесе 71% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.

Шығыс Қазақстан облысында 3 746 адам еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында азаматтардың жекелеген санаттары үшін қысқа мерзімді курстар өткізуді көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында қамтылған. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуда көмек көрсетеді.

Мемлекеттік бағдарламаның екінші бағытының негізгі міндеті азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту болып табылады. Оның шеңберінде бастапқы бизнесті іске асыратын және іске асыруды жоспарлайтын, сондай-ақ бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған үміткерлерге өтеусіз және қайтарымсыз негізде 100 және 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Бұдан басқа, ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және зейнеткерлік жасына жетпеген олардың мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі.

Шығыс Қазақстан облысында микрокредитпен 852 адам қамтылды. 100 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік гранттарды Мемлекеттік бағдарламаның 219 қатысушысы, 200 АЕК-ке дейін – 579 адам алды (жастар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелері, мүгедектігі бар адамдар).

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмыспен қамту үшін мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын құруды қарастырады. Оны жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысында 8 112 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 1 056-сы әлеуметтік жұмыс орындарына, 1 264-і жастар практикасына және 5 792 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Сонымен қатар, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші көп өңірлерден Шығыс Қазақстан облысына 1 128 адам (485 отбасы) қоныс аударды. Қоныс аударушыларлардың 607-сі еңбекке жарамды жаста, оның ішінде 418-і жұмысқа орналастырылды, 20-сы кәсіпкерлік қызметпен айналысады және 13-і жаңа тұрғылықты жерінде оқумен қамтылды.

Более 30 тыс. человек стали участниками Госпрограммы «Еңбек» в ВКО

По итогам девяти месяцев 2019 года в Восточно-Казахстанской области 30 866 человек стали участниками Государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 – 2021 годы «Еңбек». Трудоустроено 20 171 человек, из них 14 332 человека или 71% на постоянную работу.

В рамках первого направления Госпрограммы «Еңбек», предусматривающего проведение краткосрочных курсов для отдельных категорий граждан с целью привития профессиональных навыков по востребованным на рынке труда профессиям, в Восточно-Казахстанской области обучением охвачено 3 746 человек. После завершения краткосрочного профессионального обучения центры занятости населения оказывают участникам Госпрограммы содействие в трудоустройстве.

Основной задачей второго направления Госпрограммы является развитие предпринимательской инициативы граждан. Для этого в рамках проекта «Бастау Бизнес» проводится обучение основам предпринимательства и предоставляются государственные гранты в размере до 100 и до 200 МРП на безвозмездной и безвозвратной основе претендентам, реализующим и планирующим реализовать стартовый бизнес и ранее не получившим финансовую поддержку в рамках других государственных программ. Кроме того, на селе и в городах выдаются микрокредиты начинающим предпринимателям с предпринимательским потенциалом, сельскохозяйственным кооперативам и их членам, не достигшим пенсионного возраста, крестьянским и фермерским хозяйствам.

В Восточно-Казахстанской области микрокредитованием охвачено 852 человека. Государственные гранты в размере до 100 МРП получили 219 участников Госпрограммы, в размере до 200 МРП – 579 человек (молодежь, члены малообеспеченных и многодетных семей, трудоспособные инвалиды).

Третье направление Госпрограммы предусматривает создание субсидируемых за счет государства рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан. В рамках его реализации в Восточно-Казахстанской области трудоустроено 8 112 человек, из них на социальные рабочие места – 1 056 человек, на молодежную практику – 1 264 человека и на общественные работы 5 792 человека.

Кроме того, в рамках повышения мобильности трудовых ресурсов из трудоизбыточных регионов в Восточно-Казахстанскую область переселились 1 128 человек (485 семей). Из числа переселенцев 607 человек трудоспособного возраста, из них трудоустроены 418 человек, 20 человек заняты предпринимательской деятельностью и 13 человек охвачены обучением на новом месте жительства.

0
0
276

Осы тақырып бойынша

Шығыс Қазақстан облысында 30 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. - Yvision.kz