Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдаманы ресімдеу бойынша түсіндірме ақпарат
Медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша халықтың ақпараттандырылуын арттыру мақсатында №4 МӘС бөлімінің қызметкерлері ШЖҚ-ғы «Қостанай облыстық офтальмологиялық ауруханасы» МКК және «Қостанай қ. №1 емханасы» КМК қызметкерлерімен кездесу өткізді. Қатысушылардың назарына медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілген адамдардан мекенжай анықтамасын талап етуге жол бермеу туралы ақпарат жеткізілді. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен жіберу нысанында паспорттық деректер дұрыс енгізілмеген және нақты мәліметтермен сәйкес келмеген жағдайда куәландырылатын адамдардың наразылықтарын болдырмау үшін 088/у нысанын ресімдеу ережелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, нозология және жас топтары бойынша мүгедектік жағдайы туралы 2019 ж. 9 айының қорытындысы бойынша ақпарат берілді.
Разъяснительная информация по оформлению направления на медико-социальную экспертизу.
С целью повышения информированности населения по вопросам медико-социальной экспертизы сотрудники отдела МСЭ № 4 провели встречи с сотрудниками ГКП на ПХВ «Костанайская областная офтальмологическая больница» и КГП «Поликлиника № 1 г.Костаная». До сведения присутствующих доведена информация по недопущению истребования у лиц, направляемых на медико-социальную экспертизу адресной справки. Вместе с тем дополнительно разъяснены правила оформления формы 088/У во избежание претензий освидетельствуемых лиц в случае некорректного введения паспортных данных в направительной форме и несовпадении их с фактическими сведениями из информационной системы государственных органов.
Кроме того, предоставлена информация по итогам 9 мес. 2019г о состоянии инвалидности по нозологиям и возрастным группам.
