Нұр-Сұлтанда Қазақстанның үздік әлеуметтік қызметкерлері марапатталды
Елордалық Тәуелсіздік сарайында «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік жұмысшы» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, олардың жеңімпаздары еліміздің әр өңірінен келген 9 адам болды.Конкурсты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - ҚР Еңбекмині) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметтік қорғау жүйесіндегі мамандардың беделін арттыру және осы саладағы озық тәжірибені тарату мақсатында ұйымдастырды.9 номинация бойынша өткен байқауға қатысу үшін барлығы 76 өтінім келіп түсті. Номинациялар бойынша жеңімпаздарды республикалық конкурстық комиссия анықтады. Сонымен қатар, 3 номинант ҚР Еңбекминінің сайтында өткен онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша анықталды.Осылайша, Маңғыстау облысынан Төлебике Елубаева 2019 жылдың…