Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру шеңберінде әлеуметтік қызметтер порталын енгізу
Әлеуметтік қызметтер порталы - бұл мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ) және әлеуметтік қызметтерді өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беретін ақпараттық жүйе. Мүгедектердің (көрсетілетін қызметті алушылардың) қолайлылығы және көрсетілетін қызметтер мен техникалық оңалту құралдарының сапасын арттыру үшін енгізіледі.
Қазіргі уақытта әлеуметтік қызметті алу рәсімі келесідей:
1. Көрсетілетін қызметті алушы оңалтудың жеке бағдарламасын МӘС бөлімінің мамандары әзірлегеннен кейін ХҚО-ға (бұрын тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөлімдеріне) Е-Собес ААЖ-не тіркелетін өтінішпен жүгінеді.
2. Әр өңірдің жұмыспен қамту бөлімдерінің мамандары тізбесі мен санын көрсете отырып, оңалту құралдарына қажеттілікті анықтайды.
3. Мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізіледі, қаражат пен қызметтерді жеткізуге келісімшарттар жасалады.
4. Жұмыспен қамту бөлімдерімен алушыға, бұл жағдайда мүгедекке құралдарды жеткізу және қызмет қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік сатып алуды өткізу тетігі оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуын жарты жылдан астам мерзімде қамтамасыз етеді, бұл оңалтуды уақтылы және тиімді жүргізу үшін өзекті емес және көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан көптеген наразылықтар туғызады.
Әлеуметтік қызметтер порталын енгізгеннен кейін мүгедектерді қажетті құралдармен және қызметтермен қамтамасыз ету мерзімі делдалдарды алып тастау есебінен айтарлықтай қысқарады.
Жеке оңалту бағдарламасын алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға жүгінеді және одан әрі делдалсыз алушының жеке кабинетіне сайтқа кіреді, ОЖБ-ға ұсынылған тауарлар мен қызметтерді жеткізушілер арасында оңалту құралдарын таңдайды, одан әрі автоматты түрде ақпараттық жүйемен мүгедек таңдаған қызметтер мен тауарлар тізбесімен құжат-тапсырыс қалыптастырылады. Алушы порталды дербес немесе Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері қызметкерлерінің және "Азаматтарға арналған үкімет" МК мамандарының көмегімен пайдалана алады.
Бұл портал мүгедектерді 24 түрлі арнайы әлеуметтік қызметтермен және техникалық компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету бөлігінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайды, бұдан әрі 2020 жылдың шілдесінен бастап мүгедектерді тағы да 31 техникалық оңалту құралдарымен, жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету және санаториялық емдеу жоспарлануда. 2021 жылдан бастап порталға толық көшу, 2020 жылы қамтамасыз ету баламалы негізде портал және мемлекеттік сатып алу арқылы ұсынылатын болады.
Осы жүйенің негізгі жаңалығы арнайы құрылған республикалық комиссия деңгейінде жыл сайын қаражат пен қызметтің әрбір түрі бойынша бекітілетін, белгіленген кепілдік берілген сома шегінде техникалық оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтердің құнын өтеу.
Мүгедек құны мемлекет кепілдік берген сомадан жоғары қызметті немесе оңалту құралдарын таңдаған жағдайда, ол өз қаражатынан айырмашылықты төлеуге құқылы (қосымша төлеу принципі).
Түсіндіру қажет: оңалту құралдарын немесе қызметтердің құны бойынша мемлекет кепілдік берген сома ешқандай жағдайда мүгедектігі бар адамдарға ақшалай өтемақы төлеуді білдірмейді, бұл кез келген жағдайда қызметтер немесе оңалту құралдарын ұсыну.
Порталды енгізуден күтілетін нәтиже
1. Мүгедектің жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып оңалту құралдары мен қызметтерді дербес таңдау.
2. Алушы мен жеткізушінің делдалсыз байланысы.
3. Техникалық оңалту құралдарын және қызмет көрсетушілерді көбірек таңдау.
4. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру.
5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою.
Внедрение портала социальных услуг в рамках цифровизации социально-трудовой сферы.
Портал социальных услуг – это информационная система, предоставляющая лицам с инвалидностью возможность самостоятельного приобретения технических средств реабилитации (ТСР) и социальных услуг. Внедряется для удобства инвалидов (услугополучателей) и повышения качества предоставляемых услуг и технических средств реабилитации.
В настоящее время процедура получения социальных услуга выглядит следующим образом:
1. Услугополучатель после разработки специалистами отдела МСЭ индивидуальной программы реабилитации обращается в ЦОН, (ранее в отделы занятости по месту жительства) с заявлением, которое регистрируется в АИС Е-Собес.
2. Специалисты отделов занятости каждого региона определяют потребность в средствах реабилитации с указанием перечня и количества.
3. Проводится процедура госзакупок, заключаются договора на поставку средств и услуг
4. Отделами занятости обеспечивается поставка средств и услуг получателю, в данном случае инвалиду.
Механизм проведения государственных закупок обеспечивает исполнение индивидуальных программ реабилитации в сроки более полугода, что не актуально для своевременного и эффективного проведения реабилитации и вызывает многочисленные претензии со стороны услугополучателей.
После внедрения портала социальных услуг срок обеспечения инвалидов необходимыми средствами и услугами значительно сократится, за счет исключения посредников.
После получения индивидуальной программы реабилитации, услугополучатель обращается в ЦОН и далее без посредников заходит на сайт в личный кабинет получателя, выбирает среди поставщиков товаров и услуг рекомендованные в ИПР средства реабилитации, далее автоматически информационной системой формируется документ – заказ, с перечнем услуг и товаров выбранных инвалидом. Получатель может пользоваться порталом самостоятельно или с помощью сотрудников отделов занятости и социальных программ и специалистов ГК «Правительство для граждан».
Данный портал начнет функционировать с 01 января 2020 г. в части обеспечения инвалидов специальными социальными услугами и техническими компенсаторными средствами 24 видов, далее с июля 2020 года планируется перевод на портал обеспечение инвалидов еще 31 техническими средствами реабилитации, услугами индивидуального помощника, специалиста жестового языка и предоставление санаторного лечения. Полный переход на портал с 2021 года, в 2020 году обеспечение будет на альтернативной основе предоставляться через портал и через госзакупки.
Основное новшество данной системы возмещение стоимости технических средств реабилитации и социальных услуг в пределах установленной гарантированной суммы, которая ежегодно будет утверждаться по каждому виду средства и услуги на уровне специально созданной республиканской комиссии.
В случае выбора инвалидом услуги или средства реабилитации по стоимости выше суммы гарантированной государством, он вправе доплатить разницу из собственных средств (принцип сооплаты).
Необходимо пояснить; сумма гарантированная государством по стоимости реабилитирующего средства или услуги ни в коем случае не означает выплату лицам с инвалидностью денежной компенсации, это в любом случае предоставление услуг или средств реабилитации.
Ожидаемый эффект от внедрения портала.
1. Самостоятельный выбор средств реабилитации и услуг с учетом индивидуальных потребностей и возможностей инвалида.
2. Контакт получателя и поставщика без посредников
3. Больший выбор технических средств реабилитации и поставщиков услуг
4. Автоматизация и оптимизация государственных услуг
5. Исключение коррупционных рисков
