Б. Нұрымбетов Павлодар обл бизнесін сәтті бастаған «Еңбек» мем.бағдар-ның қатысушыларын құттықтады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен кездесті. Сондай-ақ, ҚР Еңбекминінің басшысы қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік оңалту орталығы мен жұмыспен қамту орталығында болды. Кездесулер барысында Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп, жұмыссыздар мен мүгедектігі бар азаматтарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Біржан Нұрымбетов Павлодарға келгеннен кейін бірден «Ардагерлер үйі» қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік оңалту орталығына келді. Ұйымның жұмыскерлерімен және мүгедектігі бар адамдармен әңгімелесу барысында министр мүгедектігі бар азаматтарға қамқор болу әрқашан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмысындағы басты басымдықтардың бірі болып қала беретінін атап өтті.
«Оңалту қызметтері - мүгедектердің қоғам өміріне толыққанды қатысуының қажетті құрамдас бөлігі. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтер мен оңалту объектілерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады. Бұл техникалық оңалту құралдарын және арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсынудың бизнес-процестерінің уақытын оларды проактивті форматта тағайындау арқылы 8 айдан 1-2 аптаға дейін қысқартады. Портал сонымен қатар оңалту қызметтері мен құралдарының алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеу мәселелерін шешеді, өйткені мүгедектер тауарлар мен қызметтердің қажетті түрін өз бетінше таңдай алады», – деді Біржан Нұрымбетов.
Жұмыс сапары барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мемлекет тарапынан қаржылай көмек алып, өз ісін белсенді дамыта бастаған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына ерекше назар аударды.
«Биыл бүкіл елде микрокредит беруге 83 миллиард теңге және гранттар үшін 18 миллиард теңге бөлінді. Біздің бағалауымыз бойынша 20 мың адам микрокредит алуы керек, ал біз 38 мың адамға грант бергіміз келеді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы барлық өңірлерде іске асырылуда, бірақ мен Павлодар облысы гранттар мен микрокредиттер беру бойынша алдыңғы қатарлы аймақтардың бірі болып саналатынын атап өткім келеді. Мұнда жылдық жоспар орындалды. Бұл тиісті қызметтер түсіндіру жұмысын дұрыс жүргізілгенін, адамдар бұл құралдар туралы хабардар болып, өз бизнестерін дамытады дегенді білдіреді. Бұл халық кірісінің өсуіне әкелуі керек», – деді Біржан Нұрымбетов.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен кездескен министр бүгінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту құралдарын қолданудың оң әсері байқалғанын атап өтті.
«Павлодар маңындағы ауылдардың бірінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдаланудың жақсы үлгісі бар. Бүгін мен шамамен 5 миллион теңге микрокредитке 9 сиыр сатып алып, қазір бизнесін кеңейтіп жатқан жеке кәсіпкермен сөйлестім, ол жер сатып алғысы келеді. Ол жұмысшыларды жалдауды жоспарлап отыр, олар оның тұрақты табысы жоқ ауылдастары болады. Бұл мемлекеттік бағдарламаға қатысушының өз ісін дамытып, басқаларға жұмыс ұсынуының жарқын мысалы. Мен жұмыссыздарды мемлекет беретін мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамын. Әр адам бизнес бастай алады», – деді ол.
Павлодардағы жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері Біржан Нұрымбетовке «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының барлық бағыттарының орындалу барысы туралы хабарлады. Олардың ақпараты бойынша, үстіміздегі жылдың 10 айында жұмыспен қамтуды ынталандыру шараларымен 10 179 азамат қамтылды, оның ішінде 6685 адам тұрақты жұмыс орындарына, 337 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 290 жас азамат жастар практикасы және 656 жұмыссыз адам қоғамдық жұмысқа жіберілді.
Сонымен қатар, Мемлекеттік бағдарламаның 1925 қатысушысы оқуға жіберілді, оның ішінде 358 адам ТжКБ-да, 1195 адам қысқа мерзімді курстарда, 372 адам «Бизнес Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқиы.
354,1 млн. теңге сомасына 34 шағын несие және 183 грант берілді. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бағдарламасы бойынша қалаға 34 оралман және Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен отбасы келді.
Өз кезегінде министр Жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің назарын ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған көпбалалы және табысы аз отбасыларды кәсіпкерлікке тарту жөніндегі тапсырмасын іске асыруға аударды.
«Мемлекет басшысының Жолдауында әлеуметтік аспектілерге – ең алдымен көпбалалы және табысы аз отбасыларға отбасылық бизнес ашуға баса назар аудара отырып, бизнесті қолдаудың жаңа нысандарын белсенді түрде енгізу қажеттілігін белгілеп өтті. Сондықтан жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері осы отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерін нәтижелі жұмысқа тартуға ерекше назар аударуы керек, ол үшін гранттар мен микрокредиттер беруді қарастыратын «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының құралдарын белсенді пайдалану қажет », – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Біржан Нұрымбетов ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында түсіндірді.
Биржан Нурымбетов поздравил участников Госпрограммы «Еңбек», успешно запустивших бизнес в Павлодарской области
В рамках рабочей поездки Заместителя Премьер-Министра РК Бердибека Сапарбаева в Павлодарскую область Министр труда и социальной защиты населения РК Биржан Нурымбетов встретился с участниками Госпрограммы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства «Еңбек». Также глава МТСЗН РК посетил центр социальной реабилитации престарелых и инвалидов и центр занятости населения. В ходе прошедших встреч Биржан Нурымбетов разъяснил основные направления Послания Президента РК Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана, и подробно рассказал о мерах господдержки безработных и лиц с инвалидностью.
По прилету в Павлодар Биржан Нурымбетов сразу же приехал в областной центр социальной реабилитации престарелых и инвалидов «Ардагерлер үйі». Разговаривая с работниками организации и инвалидами, получающими здесь услуги по реабилитации, министр подчеркнул, что забота о людях с инвалидностью всегда будет оставаться одним из главных приоритетов в работе МТСЗН РК.
«Услуги по реабилитации являются необходимой составляющей полноценного участия лиц с инвалидностью в жизни общества. В целях модернизации системы социального обслуживания, повышения качества и доступности услуг и средств реабилитации с 1 января 2020 года в Казахстане будет внедрен портал соцуслуг. Это позволит сократить сроки бизнес-процессов предоставления технических средств реабилитации и оказания специальных социальных услуг от 8 месяцев до 1–2 недель посредством проактивного формата их назначения. Также портал решит проблемы несоответствия услуг и средств реабилитации индивидуальным потребностям их получателей, поскольку лица с инвалидностью смогут самостоятельно выбирать необходимый вид товара и услуги», – сказал Биржан Нурымбетов.
В ходе рабочей поездки глава МТСЗН особое внимание уделил участникам Госпрограммы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства «Еңбек», которые получив финансовую помощь от государства начли активно развивать собственный бизнес.
«В этом году на всю страну выделено 83 млрд тенге на микрокредитование и 18 млрд тенге на получение грантов. По нашим расчетам, 20 тыс. человек должны получить микрокредиты и 38 тыс. человек мы хотим выдать гранты. Госпрограмма «Еңбек» реализуется во всех регионах, но хочу отметить, что Павлодарская область по выдаче грантов и микрокредитов – один из лидирующих регионов. Здесь уже почти выполнен годовой план. Это говорит о том, что соответствующие службы правильно проводили разъяснительную работу, люди проинформированы об этих инструментах, развивают собственный бизнес. Это должно привести к повышению доходов населения», – сообщил Биржан Нурымбетов.
Проведя встречи с участниками Госпрограммы «Еңбек», министр отметил, что уже сегодня виден положительный эффект от применения инструментов развития массового предпринимательства.
«Очень хороший пример использования возможностей Госпрограммы «Еңбек» есть в одном из сел в пригороде Павлодара. Сегодня я разговаривал с индивидуальным предпринимателем, который получил микрокредит на сумму почти 5 млн тенге, закупил 9 коров и сейчас уже расширяет свой бизнес – хочет приобрести землю. Планирует нанять рабочих, это будут его односельчане, у которых сейчас нет стабильного заработка. Это очень яркий пример, когда участник Госпрограммы развивает собственное дело и предоставляет работу другим. Я призвал бы безработных людей воспользоваться возможностями, которые предоставляет государство. Бизнес может получиться у каждого», – подчеркнул он.
О ходе реализации всех направлений Госпрограммы «Еңбек» Биржана Нурымбетова проинформировали сотрудники центра занятости населения Павлодара. По их информации, за 10 месяцев т.г. мерами содействия занятости охвачены 10 179 граждан, из них трудоустроены на постоянные рабочие места – 6685 человек, на социальные рабочие места – 337 человек, на молодежную практику – 290 выпускников, на общественные работы – 656 безработных.
Кроме того, на обучение направлено 1925 участников Госпрограммы, из них по ТиПО – 358 человек, на краткосрочные курсы – 1195 человек, обучение основам предпринимательства по проекту «Бизнес-Бастау» – 372 человека.
Выдано 34 микрокредита на сумму 354,1 млн тенге и 183 гранта. По Программе повышения мобильности трудовых ресурсов в город прибыли 34 семьи оралманов и переселенцев из южных регионов РК.
В свою очередь министр акцентировал внимание работников центра занятости на реализации поручения Президента РК, озвученного в Послании народу Казахстана, по вовлечению в предпринимательство многодетных и малообеспеченных семей.
«В Послании Главы государства четко обозначена необходимость активного внедрения новых форм поддержки бизнеса с упором на социальные аспекты – создание семейных бизнесов, в первую очередь для многодетных и малообеспеченных семей. Поэтому сотрудники ЦЗН должны уделить особое внимание вовлечению трудоспособных членов этих семей в продуктивную занятость, для этого надо активно применять инструменты Госпрограммы «Еңбек», предусматривающие выделение грантов и предоставление микрокредитов», – сказал глава МТСЗН РК.
Напомним, ранее Биржан Нурымбетов разъяснил Послание Президента РК народу Казахстана в Алматы, Восточно-Казахстанской, Карагандинской, Атырауской, Западно-Казахстанской, Туркестанской и Актюбинской областях, а также в г. Шымкент.
