Елордада үздік әлеуметтік жобалардың авторлары марапатталды.
Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» VII республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды. Марапаттау рәсімі Тәуелсіздік сарайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің, ҚР Президенті Әкімшілігінің және ҚР Үкіметі өкілдерінің, ҚР Парламенті депутаттарының және ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен өтті.
Биыл конкурсқа қатысуға 224 өтінім келіп түсті,оның ішінде өңірлік кезең барысында 57 жоба таңдап алынды. Алпыс шақты жобаны қарап шыққан комиссия мүшелері «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық көрмесінің қатысушыларын анықтады. Олардың ішінде Алматы қаласынан 4 жоба, Жамбыл облысынан 2 жоба, Шымкент қаласы, Павлодар, Қостанай, Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 1 жоба ұсынылды.
Комиссия құрамына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, бизнесмендер, ҮЕҰ және БАҚ басшылары, сондай-ақ әлеуметтік сала ардагерлері кірді. Биылғы жылы жобалар «Әлеуметтік проблемаларды шешуді ақпараттық ілгерілету», «Әлеуметтік саладағы волонтерлік қозғалысты дамыту», «Тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету», «Мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, азаматтарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету» және «Өмірлік қиын жағдайларды жеңуге көмек көрсету» 5 бағыты бойынша бағаланды.
Конкурс жеңімпаздарын құттықтай отырып, Біржан Нұрымбетов олардың жұмысының маңыздылығын атап көрсетті.
«Конкурстың барлық қатысушыларын шын жүректен құттықтаймын! Сіздер өз жобаларыңызды дайындай және іске асыра отырып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге үлкен үлес қосып келесіздер. Финалға шыққан жобалардың әрқайсысы бүкіл республика бойынша енгізуге лайықты деп сеніммен айта аламын. Сіздерге қол жеткізген жетістіктеріңізбен тоқтап қалмай, азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған игі істер жасауды жалғастыра берулеріңізді тілеймін», – деді министр.
«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсының жеңімпазы Алматы облысының «Адаптивті атқа міну» жобасының үйлестірушісі Қуаныш Нұрмахамбет болды. Бұл жоба иппотерапия бойынша қызмет көрсету арқылы ерекше қажеттіліктері бар баланың дене белсенділігін дамытуға бағытталған.
Қуаныш Нұрмахамбеттің айтуынша, екі жыл ішінде 80-ге жуық адам атқа міну арқылы ақысыз оңалту қызметтерін алған. Осының нәтижесінде мүгедектігі бар балалардағы вестибулярлы және тірек-қимыл аппараты мен барлық бұлшықет топтарының функциялары жақсарып, вегетативті жүйке жүйесіне оң әсерін тигізді.
Екінші орынға алматылықтар Ләззат Қалтаеваның – «Мүгедектігі бар қыздарға арналған жеке өмір мектебі» мен Раиса Сыпабекованың – «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубы жобалары ие болды.
«Мүгедектігі бар қыздарға арналған тәуелсіз өмір мектебі» жобасы мүмкіндіктері шектеулі жастарды қоғамға ықпалдастыруға, елде инклюзивті қоғам құруға бағытталған. Мұнда оларға мүгедектікке қатысты қорқыныш пен қауіпсіздікті жеңуге көмек көрсетіледі, өзін-өзі бағалауды жоғарылату мен өз өмірін жоспарлау және шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
«Шыңға өрлеу» жобасы көпбалалы және табысы аз отбасыларда тәрбиеленетін кіші мектеп жасындағы балаларға өмірлік тәжірибені, білім мен дағдыларды берудің үйлесімді процесін қалыптастыру арқылы, әр түрлі форматтағы нәтижелі, екі жақты қарым-қатынас жасаудың нітижесінде өмірде қиын жағдайға тап болған аға буын өкілдерін қоғам өміріне тартуды көздейді.
Үшінші орынды Солтүстік Қазақстан облысынан Сәлімхан Сәбитовтың «Тең жол» және Қостанай облысынан Айсұлу Жұмабаеваның «Мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, азаматтарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету» жобалары иеленді.
Сәлимхан Сәбитовтің жобасы – бұл қолмен басқарылатын көлікте автомобиль курстарын ұйымдастыру және жүргізуші куәліктерін беру арқылы тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды оқытуды ұйымдастыру. Мүгедектігі бар әйелдерді жұмысқа орналастыратын тігін цехы – Айсұлу Жұмабаеваның табысты жобасы.
Жүлделі орындарға ие болған конкурс жеңімпаздары: 1 орын – 1,5 млн теңге, 2 орын – 1 млн теңге, 3 орын – 500 мың теңгеге ақшалай сертификаттармен, дипломдармен және стеллалармен марапатталды. Барлық финалистерге алғыс хаттар мен сыйлық сертификаттары табыс етілді.
Сонымен қатар, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында өткізілген онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша ең көп дауыс жинаған үш жеңімпаз анықталды: 1 орынға – Павлодар облысынан Светлана Качураның «Жүрек үнімен» жобасы (9911 дауыс), 2 орынға – Нұр-Сұлтан қаласынан Евгения Чеботаревскаяның «Шуақты әлем» жобасы (8422 дауыс), 3 орынға – Шымкенттік Камила Ишметованың «Ерекше балаларға арналған аква терапиясы» жобасы, (5100 дауыс) тұрақтады. Онлайн дауыс беру жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Салтанатты шара Гүлзира Бөкейхан, Нұрғали Тұрлыбеков, Тамара Асар, Ғаділбек Жанай, Ерхан Төлейбек, Қазақ саңыраулар қоғамы, Қазақ филармониясының ұжымы және «Назар» тобының қатысуымен ұйымдастырылған концертке ұласты.
Естеріңізге сала кетейік, "Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсы өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге, соның ішінде мүгедектігі бар және мүгедек балалары бар отбасыларды оңалтуға, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге, жұмысқа орналасуға, сондай-ақ олардың құқықтарын іске асыруға және қорғауға бағытталған жобаларды қолдау мақсатында өткізіледі. 2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін конкурсқа қатысуға 1 192 өтінім берілді, оның ішінде өңірлік деңгейде 228 әлеуметтік жоба және республикалық деңгейде 19 жоба жеңімпаз деп танылды.
Авторов лучших соцпроектов Казахстана наградили в столице.
В Нур-Султане подведены итоги VII республиканского конкурса «Лучшие социальные проекты Казахстана». Торжественная церемония награждения победителей состоялась во Дворце независимости с участием Заместителя Премьер-Министра РК Бердибека Сапарбаева, Министра труда и социальной защиты населения РК Биржана Нурымбетова, представителей Администрации Президента РК и Правительства РК, депутатов Парламента РК и НПО.
На участие в конкурсе в этом году всего было подано 224 заявки, из которых в ходе регионального этапа выбрано 57 проектов. Рассмотрев почти шесть десятков проектов, члены комиссии определили участников республиканской выставки «Лучшие социальные проекты Казахстана». В их числе 4 проекта из г. Алматы, 2 – из Жамбылской области, по одному из г. Шымкент, г. Павлодар, г. Костанай, Алматинской, Актюбинской, Туркестанской, Западно-Казахстанской и Северо-Казахстанской областей.
В состав комиссии вошли представители Министерства труда и социальной защиты населения РК, депутаты Парламента РК, бизнесмены, руководители НПО и СМИ, а также ветераны социальной сферы. В этом году проекты оценивались по 5 направлениям «Информационное продвижение решения социальных проблем», «Развитие волонтерского движения в социальной сфере», «Обеспечение равных возможностей», «Оказание содействия в занятости граждан, включая лиц с инвалидностью» и «Оказание помощи в преодолении трудных жизненных ситуаций».
Поздравляя победителей конкурса, Биржан Нурымбетов отметил важность проводимой ими работы.
«От всей души поздравляю всех участников конкурса! Разрабатывая и реализуя свои проекты, вы вносите большой вклад в совершенствование системы оказания специальных социальных услуг. Могу с уверенностью сказать, что каждый из проектов, вышедших в финал, достоин того, чтобы его внедряли по всей республике. Желаю вам не останавливаться на достигнутом и продолжать делать добрые дела, направленные на помощь нашим гражданам», – сказал министр.
Победителем конкурса «Лучшие социальные проекты Казахстана» стал координатор проекта «Адаптивная верховая езда» из Алматинской области Куаныш Нурмахамбет. Этот проект направлен на развитие физической активности ребенка с особенными потребностями путем оказания услуг по иппотерапии.
По словам Куаныша Нурмахамбета, в течение двух лет бесплатные реабилитационные услуги посредством верховой езды получили около 80 человек. Благодаря этому у детей с инвалидностью улучшилась работа вестибулярного и опорно-двигательного аппаратов, функционирование всех групп мышц, положительное влияние оказано на вегетативную нервную систему.
Второе место заняли проекты алматинок Ляззат Калтаевой – «Школа независимой жизни для девушек с инвалидностью», и Раисы Сыпабековой – Социальный клуб «Шыңға өрлеу».
Проект «Школа независимой жизни для девушек с инвалидностью» нацелен на интеграцию молодых людей с инвалидностью в социум, построение инклюзивного общества в стране. Здесь они получают помощь в преодолении страхов и неуверенности, связанных с инвалидностью, работают над повышением самооценки и привитием навыков планирования и принятия решений в собственной жизни.
Проект «Шыңға өрлеу» предполагает вовлечение в общественную жизнь представителей старшего поколения, оказавшихся в трудной жизненной ситуации, через формирование гармоничного процесса передачи жизненного опыта, знаний и навыков детям младшего школьного возраста, воспитывающимся в многодетных и малообеспеченных семьях, посредством продуктивного, двухстороннего общения в самых разных форматах.
Третье место получили проекты Салимхана Сабитова из Северо-Казахстанской области «Равная дорога» и Айсулу Джумабаевой из Костанайской области «Оказание содействия в занятости граждан, включая лиц с инвалидностью».
Проект Салимхана Сабитова – это организация обучения лиц с нарушением опорно-двигательного аппарата посредством организации автомобильных курсов на транспорте с ручным управлением и выдача водительских удостоверений. Швейный цех, в котором трудоустраиваются женщины с инвалидностью, а также проходят обучающие курсы по кройке и шитья – это успешный проект Айсулу Джумабаевой.
Победители конкурса, занявшие призовые места награждены дипломами, стелами и денежными сертификатами: 1 место – 1,5 млн тенге, 2 место – 1 млн тенге, 3 место – 500 тыс. тенге. Всем финалистам вручены благодарственные письма и подарочные сертификаты.
Кроме того, определены три победителя, набравшие наибольшее количество голосов по итогам онлайн голосования, проводимого на сайте Министерства труда и социальной защиты населения РК: 1 место – проект Светланы Качура из Павлодарской области «По зову сердца» (9911 голосов), 2 место – проект Евгении Чеботаревской из г. Нур-Султан «Солнечный мир» (8422 голоса), 3 место – проект Камилы Ишметовой из г. Шымкент «Акватерапия для особенных детей» (5100 голосов). Победители онлайн голосования награждены ценными подарками.
Торжественное мероприятие завершилось концертом, в котором приняли участие Гульзира Букейхан, Нургали Турлыбеков, Тамара Асар, Ғаділбек Жанай, Ерхан Төлейбек, Казахское общество глухих, коллектив Казахской филармонии и группа «Назар».
Напомним, конкурс «Лучшие социальные проекты Казахстана» проводится в целях поддержки проектов, направленных на решение актуальных социальных проблем, в том числе на реабилитацию лиц с инвалидностью и семей, имеющих детей с инвалидностью, обеспечение беспрепятственного доступа к объектам социальной инфраструктуры лицам с ограниченными возможностями, трудоустройство, а также реализацию и защиту их прав. С 2013 по 2019 годы на участие в конкурсе подано 1 192 заявки, из них признаны победителями 228 социальных проектов на региональном уровне и 19 – на республиканском.
Подробнее https://www.enbek.gov.kz/ru/node/364646
