Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тарихтың тылсым сырларында...

Міне, Атырау қаласындағы бесінші күніміз де өзінің мәресіне жетті. Бүгінгі естіген-көргендерімізді сіздердің алдарыңызға жайып салуға дайынбыз.

Ұлан байтақ даламыздың қай түпкіріне қарасақ та, тылсым сырларға толы жерлер көптеп кездеседі. Тарихтың терең құпиясы тұрған сондай мекендердің бірі - Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы өнер мұражайы мен Атырау облыстық тарихи өлкетану мұражайы.

Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер мұражайы 1990 жылы салынып,1992 жылдың 2 сәуірінде ашылған екен. Мұражай Қазақстандағы атақты суретші Шаймардан Сариевтің есімімен аталады. Өнер мұражайы, аймақтағы маңыздылығы жағынан екінші мұражай болып табылатындығына бүгін көзіміз жетті. Мұражайда 1200-ден астам экспонат бар.  Мұражайдың сегіз бірдей залында республикаға танымал кескіндемешілердің жұмыстары орналасқан екен.

 

Атырау облыстық тарихи өлкетану мұражайы  1938 ж. құрылған мәдени-ағарту мекемесі болып табылады. Мұражайда көптеген материалдық-рухани ескерткіштер, палеолит дәуірінен қазіргі заманға дейінгі экспонаттар бар екен. Мұражайда болған кезімізде мұражай Атырау өңірінің бай тарихын қамтитындығын көрдік.

 

.

Атырау өлкесімен танысу мақсатында біз Мысырдың билеушісі Сұлтан Бейбарыс монументіне барып,естелік суреттерге түскен болатынбыз. Бала кезімізде "Сұлтан Бейбарыс" фильмін бір емес, бірнеше реттен көрген болатынбыз. Сол себепті оның ескерткіішне барып, оның тұсында фотосуретке түсу ойы бізге өте ұнады.

 

Кешке таман мектептің спортзалында мектеп әкімшілігі атынан ұйымдастырылған би кеші өтті. Барлығымыздың көңіліміз көтеріліп, бір серігіп қалдық.

P.S. Басымыз жастыққа тиісімен, Морфей әлеміне аттанамыз)

Қайырлы түн достар! Келесі блогымызды асыға күтіңіздер!

 
0
0
2941

Осы тақырып бойынша

Тарихтың тылсым сырларында... - Yvision.kz