Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоштасқан қиын екен...

Кеш жарық, достар! Өкінішке орай, бүгін Атырау қаласындағы экскурсияның соңғы күні және де сіздер үшін жазатын соңғы блогымыз. Осындай қысқа уақытта «Туған елге тағзым» жобасы бойынша көп жұмыс атқарып, Атырау және Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларына бауыр басып,достасып кеткен болатынбыз. Сонымен қатар, көңілімізді сергітерлік те жайттар болды.

Осы күніміз «Chaplin Cinema» кинотеатрында «Трансформеры» кинофильмын көрумен басталды. Фильм өте қызықты болды деген ойдамыз. Киноның тәрбиелік маңызы зор. Себебі адамзатты жоюды мақсаттаған адамдардан әлемді құтқаруға адам ғана емес, роботтар да көмек көрсетті. Бұл, біздің ойымызша, достық пен бірліктің ғана арқасында.

Адамның ойын байытып, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатар орда – кітапхана екендігі бәріне мәлім. Дәл сондай Атырау қаласының ірі кітапханаларының бірі Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында болған едік.

Оның бірнеше залында болып, әр түрлі тақырыптағы кітаптармен, газет-журналдармен таныстық. Ерекше ұнаған зал – Атыраудағы американдық орталық орналасқан зал. Біріншіден, ондағы кітаптар ағылшын тілінде жазылғандықтан, тілімізді жаттықтырып, дамытуға; екіншіден, IELTS, TOEFL сияқты ағылшын тілінің білімін тексеру мақсатындағы сынақ жүйелеріне дайындық жасауға көмектеседі. Осыған қоса бұл залда көптеген танымды журналдар бар. Олардың бірнешеуін өзімізге алуға рұқсат берді. Тағы бір ұнаған зал - оқу залы. Неге десеңіз, онда өзіңе керекті кез келген мәліметті оңай таба аласың және де тыныштықта отырып оқу үшін бар жағдай жасалған.

Бұл күнді барынша қызықты өткізуге тырыстық.Сонымен күніміз аяқталған жоқ, керісінше өте мазмұнды күн болды.Өйткені, күннің соңында біздің Назарбаев Зияткерлік мектебіміздің атынан бізді құшақ жая қарсы алған, қонақжайлықтарын көрсеткен Атырау қаласына алғысымызды білдіру үшін, арнайы концертімізді көрсеткен болатынбыз. Би билеп, ән шырқап, шығарған өлеңдерімізді оқып, Атырау қаласындағы уақытымыздың қалай өткені туралы фильм де көрсеттік. Сый ретінде Атырау қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің әкімшілік ұжымына, мұғалімдеріне және оқушыларына сыйлық тарту еттік. Концертімізді флешмобпен аяқтап, барлықтардың көңілдерін көтердік .

 

Атырау қаласындағы әрбір күніміз бойымызда керемет әсер қалдырып, жадымызда мәңгілікке сақталып қалады. Қош сау болыңыздар!

         
0
0
2413

Осы тақырып бойынша

Қоштасқан қиын екен... - Yvision.kz