Он саусағынан бал тамған...
Алтыншы күн. Кейбір күндері таңертен оянған кезде өзіңді бір түрлі жайлы сезінесін. Біз үшін дәл сондай күн, бүгінгі күнге түскендей болды. Оның себебі: бүгінгі күніміз басқа күндермен салыстырғанда біз үшін жеңіл болып көрінді. Бүгінгі күніміз мектеп ішіндегі "Қолөнер" көрмесінен басталып,бассейнге бару, одан әрі Атырау облысы Қазақстан халқының Ассамблеясының өкілдерімен сұхбаттасумен жалғасқан болатын.

«Шебердің қолы ортақ» деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Осындай шеберлердің бірі Қалиев Нұрсылтан ағамыздың Елордада өткізуге дайындап жатқан көрмесін бірінші болып біз тамашаладық. Тек көзімізбен көріп қана қоймай, өз қолымызбен жасап көріп,ағамыздан үлгі алдық. Небір ғажайып экспонаттарды тамашалап тамсандық.







Халық шеберлері табиғаттың байлығын өздерінің күнделікті тұрмысында қажетке жаратуға өте ұста болғанын ертеден-ақ білеміз. Оған керегеге тұтылар киізді шимен ауыстырғаны қарапайым ғана мысал бола алады. Сондай шимен жасалған кілемді біз өз қолымызбен жасап көрдік.
Бассейнге өз қалауымызбен баратындығымыз біз үшін жағымды болды. Өйткені біз кешегі ауыр әрі ұзақ жолдан шаршағандықтан,, бассейнге бармай, бір тынығып алғымыз келді.

