Мүгедектерге мүмкіндіктер жасалуда!
Осы орайда, облыстық халыққа қызмет көрсеу орталығы мен «Асар» мүгедектермен жұмыс істейтінұйымдар одағы заңды тұлғалар бірлестігі бірлесе отырып мүгедектерге мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бірлескен семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету үрдісі оңтайландырып келеді. Ол үшін тек тұтынушыларға ұялы байланыс немесе үй телефоны арқыла 1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, өзінің деректерін хабарлап, қызмет алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін біліп, өтінім қалдыруға болады. Тапсырыс түскен уақыттан бастап 10 минут ішінде тіркеліп, ХҚКО мобильді тобы үйде өтінішті қабылдау мақсатында 72 сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Ал орталыққа өз бетімен келе алатын мүгедектерге де жан-жақты жағдайлар жасалған. ХҚКО-ның ғимараттарының кіреберісінде арнайы шақыру батырмасы орналастырылған. Оны басу арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтар орталық қызметкерлері тарапынан ғимаратқа кіруге көмек алады.
Жоғарыда айтылған қызмет түрлерін жетілдіру бойынша семинар-кеңеске қатысушылар орталық қызметкерлерін ым-ишара тілін оқыту туралы шешім шығарды.
Серікбол БЕРІКҚОЖА
«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша
филиалының баспасөз хатшысы
