Мазмұнға өту
begimk

begimk

Сайтта 2017 ж. 9 тамыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

15

пікірлер

2

тіркелуші

10

жазылымдар

0

Ұйықтар алдында ертең туралы ойла. Онда жаңа таң, жаңа өмір.

Үлкен отбасының жалғыз асыраушысы; анам шаруашылықпен айналысатын, балаларды бағатын. Әкемнің жұбанышы біз және мектеп кезінен әуестенетін сурет болатын. Бізді пленкаға түсіріп, оны түпкір бөлменің қызыл жарығында шығаратын. Таңертең қабырғадағы жіптерде дымқыл ақ - қара парақшалар ілініп тұратын. Кепкеннен кейін суреттер тарихқа айналатын - батырларымен, орындармен, заттармен.Суреттер бұлыңғыр, әдейі солай жасалынған деп ойлаймын. Оларға ұзақ қараған сайын сол сәттің дыбыстарын, иістерін қазір сезінетіндей сезімдер өткір болатын.Анам әкемнің суреттерін сырты жасыл барқытты альбомға мұқият салып қоятын. Оны ашып, ағам екеумізге көрсеткенді ұнататын. Мен қарамайтынмын. Өткен уақытта қалып қоюдан қорқатынмын: өзіне тартып алса, қалағаныма жете алмай қалармын. Қорқыныштың тамыры неде болатын…

0
0
564

Тыныштық - сендегі бар ең құнды нәрсе

Ол мәңгілік және соңғы дем қалғанша адаммен бірге қалады.Бала кезіңде кез-келген бұрышта жаңа, қызықты, зерттелмеген, әр күніңде ондаған бастамалар. Әр алған әсер мектеп ауласында құлағаннан қалған тізедегі тыртық сияқты сенің ішіңде де, сыртыңда да мәңгіге қалады. Мүмкін оның барлығы бірінші рет болғаннан кейін өткірленіп есте қалар?Менің балалық шақ туралы суретім - ол бос, күзгі (құм қоңыр түсті және іздер анық сақталады), маусымдық емес кафелер мен жалғызсыраған қолшатыр-саңырауқұлақтарға толы абшерон жағалауы. Жел соғуда. Тұзды және эмоцияға толы...Анам менің қолымнан ұстап алған, алысқа қарап, жағалауда тұрмыз. Менің жасым бесте, әкемнің бірнеше өлшемге кең көк көртешесін киіп алғанмын - иығымнан түсіп бара жатыр. Жел болса анамның қоңыр қалың шаштарын сұрыптауда. Оның қолы қара тор…

1
1
556