Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Тереза ана. Дәйек сөздер

***

Отбасын құру үшін сүю жеткілікті, ал оны сақтап қалу үшін төзімділік пен кешірімділікке үйрену қажет.

***

Бақыт үшін ешқандай да кілттің қажеті жоқ. Оның есігі әрдайым ашық.

***

Саған келген адамның барлығы сенен кеткенде жақсырақ және бақыттырақ болып кетсін.

***

Егер сіз әлемді бақытты еткіңіз келсе, үйге барып, отбасыңызды бақытты етіңіз.

***

Сіз туралы кімнің не айтып жатқаны маңызды емес - барлығын жымиып қабылдаңыз да, өз ісіңізбен айналысуды жалғастыра беріңіз.

***

Адамдарға нанға қарағанда махаббат көбірек жетіспейді, және ол ең жаман аштық.

***

Мен бір нәрсені нақты білемін: егер адамдар бір - бірін қаттырақ жақсы көргенде, біздің өміріміз әлдеқайда жақсырақ болушы еді.

***

Жалғыздық пен ешкімге керегіңнің жоқ екенін сезіну - кедейшіліктің ең қорқынышты түрі.

***

Адамдар көбінде ақымақ, тәкаппар, өз қамдарын ойлайтын жәнк ақылға сыймайтын болады. Оларды сонда да кешір.

***

Бүгін жасаған жақсылығыңды адамдар ертең ұмытып кетеді. Сонда да жақсылық жасай бер.

1
0
2741

Осы тақырып бойынша

Тереза ана. Дәйек сөздер - Yvision.kz