Мазмұнға өту
arshatorazov

Arshat Oraz

@arshatorazov

Сайтта 2016 ж. 11 наурызКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

26

пікірлер

0

тіркелуші

4

жазылымдар

4

Елбасы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

Рәсім барысында Қазақстан Президентіне БҰҰДБ тұрақты өкілі Норимаса Шимомура және Израиль Мемлекетінің Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бродский, Өзбекстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Икром Назаров, Әзірбайжан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадов, Таиланд корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Нат Пиниоваттаначип сенім граматоларын тапсырды. Мемлекет басшысы бұл рәсім олардың жеке дипломатиялық тарихтарындағы жаңа белеске айналатынына назар ау­дарды. – Бәріңіз де дипломатиялық миссияға алғаш рет басшылық еткелі отырсыздар, қызметтеріңіздегі жаңа кезең Қазақстаннан басталғалы тұр. Сіздерді құттықтай оты­рып, Қазақстандағы жауапты да мәртебелі миссияларыңыз елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға септігін тигізеді деп үміттенемі…

7
0
388

Қазақ жекпе-жегінің тарландары сұрақтарға жауап берді

Қазақ жекпе-жегінің тарландары сұрақтарға жауап берді 14-наурызда «Әлемфайтерс» жекпе-жек клубында қазақтың жауынгер ұлдарының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Аталған шараға есімі елге танылған джиу-джитсудан екі дүркін Қазақстан чемпионы, панкратионнан бірнеше турнирлердің жеңімпазы, ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Бейбіт Назаров «Әлемфайтерс» клубының жетістіктерін тізбелей келе, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ АҚШ-тағы белгілі кәсіпқой боксшы, биыл NBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған Жанқош Тұраров та биылғы жылғы чемпиондығын тілге тиек етіп, өзін сөзсіз жеңем деп келген бразилиялық боксшыны 1-раундта-ақ сұлатқанын жеткізді. Талабы таудай Жанқошқа: - Сіздің алға қойған мақсатыңыз барлық тұжырым бойынша чемпион атану екенін білеміз, сол арманыңыздың орындалуына қ…

7
0
577

Штаб мүшелері – Маңғыстауда

«Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штаб делегациясы арнайы сапармен Маңғыстау облысына келді. Үгіт-насихат топ мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасының артықшылықтарын өңірдің құрылысшылары, теңізші, теміржолшы және мұнайшыларына таныстырды. Аймаққа республикалық сайлауалды ш­таб мүшелерін Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев бас­тап келді. Маңғыстау облысы елімізді сыртпен бай­ланыстыратын қақпа ретінде қарас­ты­ры­ла­ды. Өңірде ірі көліктік хаб қалыптаспақ. Транспорттық инфрақұрылымды дамытуға ба­ғытталған «Нұрлы жол» бағдарламасы ая­сында «Боржақты-Ерсай» темір жол тар­ма­ғының құрылысы аяқталған. Оның ұзын­дығы 13,9 шақырым және жобалық құны 9,4 млрд теңгені құрайды. 2015 жылдың сәуір айын­да Құрлық айлағында құны 16,4 млрд тең­гені құрайтын…

7
0
594

Ақпарат алпауыттары қазақ еліне ат танбақ

Қазақстандағы Парламент сайлауына қанша мемлекеттің және халықаралық ұйымның қызығушылық білдіргені бүгін түпкілікті мәлім болады. 14 наурыз күні елімізде шетелдік байқаушыларды тіркеу рәсімі аяқталды. Осының алдында Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттен тағы 155 байқаушыны аккредиттеді. Ортсайлауком өз отырысында қабыл­да­ған арнайы қаулыға сәйкес, Сыртқы іс­тер министрлігінің ұсынуы бойынша сай­лауды байқау жөніндегі бір миссияның, бір халықаралық ұйымның және бір шет мемлекеттің өкілдеріне «халықаралық бай­қаушы» куәлігі берілді. – Олардың ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 153 байқаушысы бар, сондай-ақ Түр­кітілдес елдердің Парламенттік ассам- б­лея­сынан – бір, шет мемлекеттен бір бай­­қаушы аккредиттеліп отыр, – деді қау­лы жобасымен таны…

7
0
663

Франция соты Мұхтар Әблязовты кепілмен босатудан бас тартты

Франция соты Мұхтар Әблязовты кепілмен босатудан бас тартты Франция соты БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың кепілмен босату туралы өтінішін қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. "БТА банкі француз сотының БТА банкінің экс-басшысының кепілмен босату туралы өтінішіне қатысты бүгінгі шешіміне ризашылық білдіреді. Әблязов мырза 2013 жылдың 31 шілдесінде банкке қарсы қылмысқа байланысты қамауға алынған болатын, ол осы қылмыстарды жасады деп Украина мен Ресейді күдікке ілініп отыр", - деп хабарлады банктегілер. Еске сала кетейік, БТА банкінің бұрынғы басшысы 2013 жылдың шілде айында Францияда тұтқындалған болатын. Ол Қазақстанда 6 миллиард доллардан астам қаржыны жымқырды және басқа да қаржылық алаяқтық жасады…

7
0
427

Ана тілімді шеттетпеймін

Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылданғанына енді ғана он күн толып отыр. Қазір осы бағдарламаны орындаудың әрбір қадамы ойластырылуда. Сондықтан алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы әлі халық алдында ресми түрде жарияланған жоқ. Дегенмен, маған осы бағдарлама туралы кейбір сұрақтар түсіп жатыр. Оның басым бөлігі қазақ тілі және келешегі туралы. Қысқаша айтсам, бағдарламада қазақ тілінің қолданысын шектеуге немесе кейбіреулер айтқандай, оны жою туралы қандай да бір мақсат жоқ. Мен іс басына қазақ тілін – өзімнің ана тілімді шеттетейін деген оймен келгенім жоқ. Қазақ мектептерінде оқыған жастардың әрі қарай сапалы білім алуының шектеулі екенін көріп отырмыз. Мысалы, біздің ең жоғары ағылшын тілінде дәріс беретін Назарбаев…

6
0
475

Қыздар арасында Құран жарысы өтеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен мамыр айының 7-8 күндері «Нұр-Мүбарак» университетінде тұңғыш рет қыздар арасында Құран жарысы өтеді.

Бұл туралы www.muftyat.kz. хабарлады
Жүлде қоры - 3 500 000 теңге.

Бұл туралы www.muftyat.kz. хабарладыЖүлде қоры - 3 500 000 теңге.

 

http://aikyn.kz/ru/news/show/21602-_yzdar_arasynda_ran_zharysy_ted_

6
0
468

Бүгін — Халықаралық өзен, су және өмір үшін бөгеттерге қарсы күрес күні

1997 жылы наурызда Бразилияның Куритиба қаласында ірі бөгет құрылыстарын салуға қарсы бағытталған бірінші Халықаралық конференция өтті. Конференцияның шешімімен наурыздың 14-і Өзен, Су және Өмірді қорғау үшін бөгеттермен күрес күні деп бекітіліп, жыл сайын атап өтілетін болды. Халықаралық Пи санының мейрамы Пи саны - шеңбер ұзындығының байланысын диаметр ұзындығына білдіретін математикалық константа. Пи-дің сандық мағынасы 3,141592 деп басталады және шексіз математикалық жалғасы бар. ҚазАқпарат 1997 жылы наурызда Бразилияның Куритиба қаласында ірі бөгет құрылыстарын салуға қарсы бағытталған бірінші Халықаралық конференция өтті.Конференцияның шешімімен наурыздың 14-і Өзен, Су және Өмірді қорғау үшін бөгеттермен күрес күні деп бекітіліп, жыл сайын атап өтілетін болды.Халықаралық Пи санының…

6
0
791

23-24 наурызда Тараз қаласында өтетін VI Блог-Құрылтайда Алмас Тоқабаевпен құрылтай тарихында алғаш рет дуэтпен баяндама жасамақ ойымыз бар.

23-24 наурызда Тараз қаласында өтетін VI Блог-Құрылтайда Алмас Тоқабаевпен құрылтай тарихында алғаш рет дуэтпен баяндама жасамақ ойымыз бар. Тақырыбымыз: желі психологиясы. Келіңіздер, қатысыңыздар!

Естеріңізге сала кетейік, Блог-Құрылтай - жыл сайын Наурыз мейрамында өтетін блогерлердің басқосу жиыны. Құрылтайда блогерлер бір бірімен танысады, тәжірибе алмасады, бірге қыдырады, түрлі жарыстарға қатысады. 2011 жылдан бастап Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Талдықорған қалаларында өткен құрылтай биыл Таразда өтеді. Оған шамамен 200 адам қатысады деп күтілуде. Толық ақпарат blogcamp.kz сайтында.

7
0
443