23-24 наурызда Тараз қаласында өтетін VI Блог-Құрылтайда Алмас Тоқабаевпен құрылтай тарихында алғаш рет дуэтпен баяндама жасамақ ойымыз бар.
23-24 наурызда Тараз қаласында өтетін VI Блог-Құрылтайда Алмас Тоқабаевпен құрылтай тарихында алғаш рет дуэтпен баяндама жасамақ ойымыз бар. Тақырыбымыз: желі психологиясы. Келіңіздер, қатысыңыздар!
Естеріңізге сала кетейік, Блог-Құрылтай - жыл сайын Наурыз мейрамында өтетін блогерлердің басқосу жиыны. Құрылтайда блогерлер бір бірімен танысады, тәжірибе алмасады, бірге қыдырады, түрлі жарыстарға қатысады. 2011 жылдан бастап Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Талдықорған қалаларында өткен құрылтай биыл Таразда өтеді. Оған шамамен 200 адам қатысады деп күтілуде. Толық ақпарат blogcamp.kz сайтында.
