Мазмұнға өту
anticorruptionZKO

Timosh07

@anticorruptionZKO

Сайтта 2015 ж. 17 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

3 813

пікірлер

2

тіркелуші

15

жазылымдар

4

Басты мақсат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою

Ағымдағы жылдың 13 қаңтар күні «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасы аясында «Мирлан» базарындағы ет жеткізу және оларға зертханалық зерттеу жүргізулеріне мониторинг жүргізілді.Сату алаңдарында ет бағалары қалыпты. Ет сатып алушылардың көптігі байқалмайды. Сатушылардың сөздеріне сәйкес соңғы кезде ет келуі азайған. Карантиндік талаптар сақталған.«Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасының менеджерлері, қоғам өкілдері басқа да сауда үйлерінде, базарларда, дәріханаларда тұрақты түрде мониторингтер жүргізуде.Еттің заң талаптарына сай болуы – ветеринария саласы арқылы бақыланады.Соңғы жылдары ветеринария саласында сыбайлас жемқорлық қылмыстары жыл сайын тіркелуде. 2 жылда 9 тұлға ветеринариялық анықтамасыз ет сатуды кедергісіз жүзеге асыру үшін пара берген. Барлығы да сот шешімімен айыпты болып танылып, ә…

1
0
199

Кәсіпкерлікті дамыту мен қорғау әрқашан ел басшылығы саясатының басымдығы болып табылады

Президент өзінің қыркүйек айындағы Жолдауында, мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез-келген заңсыз араласуы, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі жасау мемлекетке қарсы ауыр қылмыс ретінде қабылдануы керек деп атап өтті.2018 жылдан бастап, Агенттік Сыртқы істер министрлігімен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп - бизнес пен инвестицияларды қорғау бойынша арнайы жобаны іске асырып келеді. Бұл кәсіпкерлерді жосықсыз лауазымды тұлғалар тарапынан ықтимал қысымның, заңсыз сыйақы талаптарының алдын алу мақсатында мемлекеттік құрылымдармен және т.б. олардың өзара әрекеттесу процесінде сүйемелдеуден тұрады.Бүгінгі таңда, Департаментте инвестицияның жалпы сомасы 854 млрд. теңгеден асатын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеудің» 26 бизнес-жобасы бар.Бизнесті қорғауды күшей…

1
0
241

Пара берушілер мен парақорлыққа делдал болушыларға жауапкершілік күшейтілді

Өткен жылдың 1 қыркүйегіндегі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында пара берушілер мен делдалдардың жауапкершілігін күшейтудітапсырылған болатын.Бұл тәсілдің халықаралық озық тәжірибеге толық сәйкес келетінін атап өткен жөн. Лауазымды адамдарды параға сатып алумен әдейі айналысатын, не заңсыз сыйақы беру кезінде делдал болған адамдар, елеулі қылмыстық жауаптылықта болуға тиіс.Бүгінгі таңда Қылмыстық кодекске тиісті түзетулер енгізілді. Қазіргі уақытта жазаның жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұлғайтылды, бұл автоматты түрде ауыр құқықтық салдары бар санатқа – яғни шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу және қауіпсіздігі төмен колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі көзделген.Бас бостандығынан айыру мерзімдерінің ұлғаюынан басқа, пара бергені және парақорлыққа дел…

1
0
266

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күшейтіліп, маңызды заңнамалық шаралар қабылдануда

Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде маңызды заңнамалық шаралар қабылдануда.Бүгінгі күні пара беру мен парақорлыққа делдал болу, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауапкершілік күшейтілді.Соңғы 2 жылдың ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен Батыс Қазақстан облысында пара беру және пара беруге итермелеудің 53 дерегі анықталды.Қылмыстық жауапкершілікке 60 тұлға тартылып, 51 тұлға сотталды, оның ішінде 3 тұлғаны бас бостандығын айыру, 1 тұлға бостандығын шектеуге кесілді, қалғандарына айыппұл салынып, айыппұлдың көлемі 2 млн. теңгеге жуық соманы құрады.Сонымен қатар, 9 тұлға ветеринариялық анықтамасыз ет сатуды кедергісіз жүзеге асыру үшін пара берген және 2 тұлға Орал қаласында пә…

1
0
249

Дәріханаларға қоғамдық бақылау жалғасуда

2021 жылдың 12 қаңтар күні «Ақжайық - Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері қоғам белсенділерімен бірлесіп дәріханаларға мониторинг жүргізілді.

Мониторинг барысында дәрі-дәрмектерді шекті бағадан көтеру және медициналық мақсаттағы дәрі-дәрмектерді лицензиясыз сату фактілері анықталған жоқ. Медициналық маскаларды 30 теңгеге сатып алуға болады.

Бүгінгі таңда Орал қаласындағы дәріханалар әдеттегідей жұмыс жасауда, ешқандай кезек жоқ.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

1
0
183

Мемлекеттік қызметшінің ары таза, адамгершілігі жоғары болуы керек

2021 жылдың 8 қаңтар күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында облыстық Ветеринария басқармасы ұжымымен онлайн форматта кездесу ұйымдастырылды.Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаев, Әдеп жөніндегі уәкілі, облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі А.Р.Хайруллина, облыстық Ветеринария басқармасының басшысы С.Б.Нұрмағамбетов, басқарма және оған бағынысты ұйымдардың ұжымдары қатысты.Жиынның негізгі мақсаты - ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.Өз кезегінде, Департамент басшысы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері…

1
0
239

Агенттік Төрағасы «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысына оң бағасын берді

2021 жылдың 5 қаңтар күні «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің (бұдан әрі – Жобалық кеңсе) кураторы, облыс әкімінің орынбасары С.Р.Егізбаев Агенттік Төрағасы А.Ж.Шпекбаев және республикалық қоғам өкілдері алдында өткен жылы жобалық кеңсемен атқарылып жатырған жұмыстар және үстіміздегі жылдағы жұмыс жоспарларының барысы туралы бейнеконференциясы байланысы арқылы баяндады.Жобалық кеңсемен өткен жылы 50 мыңнан астам флаэрлер шығарылып, мекемелерге таратылды, «Есіктен есікке» қағидатын іске асыру үшін коммуналдық төлемдер түбіртектеріне «Жемқорлық 1424 Хабарлас» ақпараты орналастырылды,Сонымен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған 200-ден астам баннерлер орналастырылып, аймақтағы ең ірі, халқы көп Ақсай қаласы, Ақжайық және Бәй…

1
0
225

Жоғары аграрлық-техникалық колледжі ұстаздарына онлайн-дәріс ұйымдастырылды

2021 жылдың 6 қаңтар күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментімен Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің ұстаздарына онлайн режимде дәріс оқылды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып қала бермек.Дәріс барысында Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.Шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің және Арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі ба…

0
0
146

«АQJAIYQ»ӘКК» АҚ қызметіне жүргізілген мониторинг қорытындылары қаралды

2021 жылғы 6 қаңтарда «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.Самет қатысуымен Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген тақырыптық мониторинг қорытындылары қаралды.Талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бекітілген жоспардың орындалуы туралы «АQJAIYQ» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Н.Курумбаевтың есебі тыңдалды.Кездесу қорытындысы бойынша Н.Самет қабылданып жатырған шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында комиссия отырыстарын ресми интернет-ресурста және әлеуметтік желілерде орналастыра отырып, бейнетіркеулерді жүргізуді ұсынды.«АQJAIYQ» ӘКК» АҚ қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша шаралардың орындалуы БҚО Сыбайла…

0
0
127

Орал қаласында дәріханаларға қоғамдық бақылау жалғасуда!

2021 жылдың 6 қаңтар күні «Ақжайық - Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері қоғам белсенділерімен бірлесіп Орал қаласындағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді.

Мониторинг барысында дәрі-дәрмектерді шекті бағадан көтеру және медициналық мақсаттағы дәрі-дәрмектерді лицензиясыз сату фактілері анықталған жоқ. Медициналық маскаларды 35 теңгеге сатып алуға болады.

Бүгінгі таңда Орал қаласындағы дәріханалар әдеттегідей жұмыс жасауда, ешқандай кезек жоқ.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

1
0
253